№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Робототехникадан аудандық чемпионат өтті

Робототехникадан аудандық чемпионат өтті



Аудандық білім бөлімі және “Заңғар” интеллектуалды мектебімен бірлесе ұйымдастырылған робототехника бағыты бойынша ДҮБІРЛІ ДОДА "Заңғар" интеллектуалды мектебінде Робототехникадан аудандық чемпионат өтті. Аудан бойынша 12 мектептен келген озық ойлы оқушылар сайыстың 3 түрінен: робосумо және арқан тартыс, сызық бойымен жарыс түрінен кім мықтыны анықтады.
Біріншіліктің ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдіскері Салтанат Төлепбергенова, мектеп директоры Нұрхан Айдаров, "Жаңақорған тынысы" газетінің бас редактордың орынбасары Әлібек Жарықбаев құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі.
Жалпы бұл біріншілікті ұйымдастыру мақсаты: Оқушылардың инновация мен жоғары технология саласына деген қызығушылығын арттыру, интеллектуалды қабілетін дамыту болатын. Сондай-ақ оқушылардың инженерлік-техникалық есептерді іс-жүзінде шеше білу және жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, техникалық модельдеуді насихаттау еді.
Аудан бойынша сайыс алаңына шыққан оқушыларға аудандық оқушылар үйіндегі үйірме жетекшілері Мұсаханов Абзал мен Әбіләмтив Арнат қазылық жасап, төрелігін айтты.
Ендігі кезекте, жарыс жеңімпаздарына тоқталсақ:
Робосумо сайысы:
1-орын Әбілмансұр Қанатұлы (166 мектеп)
2-орын Батырбек Бақдаулет (51 орта мектеп)
3-орын Қыдырәлі Әлинұр (164 мектеп)
Арқан тартыс сайысы:
1-орын Бақыт Нұрсұлтан мен Файзулла Асыл. (Заңғар мектебі).
2-орын Төрехан Нұрдаулет (164 мектеп).
3-орын Абдулахали Диас (221 мектеп).
Сызық бойымен жарыс:
1-орын Әптай Досымжан (195 мектеп)
2-орын Әбләмит Азамат (110 мектеп)
3-орын Сәрсенбай Мағжан (164 мектеп).
Барлық жеңімпаз командаларға "Заңғар" интеллектуалды мектебі дайындаған Диплом, медаль мен арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, "Заңғар" құрамасының жетекшісі әрі робототехника үйірме жетекшісі Дастан Кадиров бүгінге дейін бірқатар дүбірлі додаларда олжалы оралған болатын.
24 мамыр 2024 ж. 137 0