Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Көршісінің атынан заңсыз 6 несие рәсімдеген

Көршісінің атынан заңсыз 6 несие рәсімдеген

34 жастағы Астана тұрғыны көршісінің сеніміне кіріп оның ақкөңілділігін пайдаланып, оның атынан алты несие рәсімдеген
Ол банктерден мобильді банкинг арқылы екі несие алып үлгерсе, қалғанын шағын несие ұйымдарынан алған.
Анықталғандай күдікті көршісімен сенімді қарым-қатынаста болған және оның жұмыс іздеп жүргенін білген соң, ол оған көмектеспек болған сыңай танытқан.
Сөйтіп көршісінің жеке деректерін иемденіп алған күдікті жалпы сомасы 4 миллион теңгеге онлайн несие алған.
Қазір Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Алаяқтық жасаған күдікті қылмысын мойындады.
Оның елордада осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
20 мамыр 2024 ж. 538 0