Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ауыл аманаты» жобасы - ауылды дамытудың кепілі

«Ауыл аманаты» жобасы - ауылды дамытудың кепілі

Фото: tirshilik-tynysy.kz
Kyzylorda-news.kz.
   «AMANAT» партиясы ауыл халқының еңбек табысын арттыру мақсатында Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын іске қосқан болатын. Бастапқыда пилоттық жоба ретінде қолға алынған жоба бүгінде ел көлімінде жүзеге асып келді. Халықтың жартысынан астамы ауылдық жерде тұратын Сыр өңірі үшін бұл жобаның маңызы зор.
Бүгін партияның облыстық филиалы алаңында арнайы брифинг ұйымдастырылып, БАҚ өкілдеріне «Ауыл аманаты» жобасының өңірде жүзеге асуы мәселелері баяндалды.
Брифингке партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ғалым Баимбетов және «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Мадали Алишерұлы қатысты.
Атап өтейік, «Ауыл аманаты»партиялық жобасын жүзеге асыру үшін өткен жылы Сыр өңіріне 3,0 млрд.теңге қаржы бөлініп, бағдарламада қарастырылған негізгі 5 бағыт бойынша 406 жоба қаржыландырылған.
Яғни, 33 кооператив пен 373 жеке кәсіпкерге 2,5 пайызбен несие берілген. Биыл облысқа 4 млрд. 600 млн теңге қаржы бөлініп, 575 жобаны қаржыландыру мен 610 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Қазіргі таңда комиссия жұмысы басталып, негізгі оператор ретінде «Байқоңыр» ӘКК АҚ-ның облыстық филиалы анықталған.
Брифинг барысында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова жобаның маңыздылығын атап өтіп, осы бағытта партия тарапынан атқарылған жұмыстарды атап өтті.
««AMANAT» партиясы жобаны іске асыруға үлкен дайындықпен келді. Яғни, алдыңғы жылы жоба шеңберінде барлық ауылдық округтерге скрининг жүргізілді. Аймақтағы 146 ауылдық округтердің әкімдеріне партияның Саяси менеджмент академиясымен 3 күндік оқу семинар ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде жергілікті әкім аппараттарының кәсіби даярлығын арттыруға, ауылдың мамандануы мен әлеуетін анықтап, жеке кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы кооперативтердің ұйымдастырылуына ықпал етті. Партияның барлық аудандық, қалалық филиалдары жанынан «Ауыл Аманаты» жобасының мақсаттарын түсіндіру мен тұрғындарға кеңестер беру үшін арнайы ақпараттық – насихаттық орталықтар жұмыс жасайды. Мұнан бөлек, жобаның ережелері ауылдарда өтіп жатқан мобильді қабылдаулар мен тақырыптық кездесулер барысында кеңінен насихатталып отыр», -деді Ләйлә Төрешова.
Өз кезегінде сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ғалым Баимбетов биыл да жобаны сапалы іске асыру мақсатында негізгі басымдық өндірістік жобаларға беріліп отырғандығын атап өтсе, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Мадали Алишерұлы жоба аясында микрокредит алудың негізгі талаптарын жеткізді. Оның айтуынша азаматтардың жобасы ең алдымен негізгі бағытқа сәйкес келуі керек және жоба аясында тұрақты жұмыс орны құрылу қажет. Жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде тұрғылықты жері бойынша кемінде 1 жыл тұрақты тіркеудің болуы керек. Сонымен қатар өнідіріс үшін жаңа, пайдаланылмаған техниканы жабдықты сатып алу үшін беріледі. Атап өту керек, өңірде мал басын түрлендіру және асылдандыру мақсатында жоба аясында асыл тұқымды мал сатып алу көзделген. Алайда жоба талаптарына сәйкес ауыл шарушылығы жануарларын сол жердегі жақын туыстарынан сатып алуға қаржы берілмейді.
16 мамыр 2024 ж. 267 0