Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тау етегіндегі алма бақ

Тау етегіндегі алма бақ


Жаңақорғанда агроөнеркәсіп саласының қарыштап келе жатқаны қуантады. Мал шаруашылығынан облыста озықпыз, құс фабрикасы салынуда, әртараптандыру бойынша да ілгерілеу бар. Енді әлемдік нарыққа шығатын алма өндірісі қолға алынуда. Осыған дейін төл басылымда «Қаратау-Фруд» алма бағының тыныс-тіршілігін түгендеп, қыруар жұмыстың жүйесімен танысқан болатынбыз. Тау етегінде қоныстанған алма бақты аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев арнайы келіп көріп, оң бағасын берді.


Қыраш ауылының солтүстігінде тамыр тіктеген «Омар ата» бауы аудан ғана емес, өңірде де көш бастап тұр. Қаншама гектарды алып жатқан аумақта бақша егудің жаңа технология­сы таңдалған. Ауылдан 8 шақырым шалғай орналасқан бақтың көрінісі таңданарлық. Бұл – ауданға салынып жатқан кезекті инвестиция. Табыс көзі, екінші жағынан туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің, «елде болса ерінге тиеді» деген ыстық ықыластың көрінісі.
Облыс әкімі бастаған делегация бақ өсіру технологиясымен, одан соң қолдан жасалған су қоймасымен танысты.
«Астана Финанс» АҚ мекемесінің тікелей демеушілігімен қолға алынған «Қаратау-Фруд» жұмысын таныстырған кәсіпкер Мұхамеджан Омар:
– Бақ өсіруге осы жер таңдалмас бұрын әбден зерделеп, білікті мамандармен ақылдастық. Ортақ шешімге келіп, осы аймақ таңдалды. Нәтижесінде, ең соңғы үлгідегі алма бақты өсіруге нартәуекел етіп, іске білек сыбана кірістік. Көшеттерді Түркиядан алып келдік.
Биылғы жобамен гектарына бес тонна өнім аламыз деп жоспарлаудамыз. Сонда 30 гектардан 150 тонна алма жинауға болады деп межелеп отырмыз. Негізі мұнда алма ағашының үш сортын ектік. Израилдік тамшылатып суару әдісі қолданылады, – деп атап өтті. Облыс әкімі мұндай жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.
– Осындай жаңа жобалар қай аудан, ауылда болса да қолдауға біз әзірміз. Осы уақытқа дейін мемлекеттен грант, несие алып келген шаруалардың басым бөлігі мал басына деп мақсатсыз қаржы алғаны мәлім. Енді мұндай орынсыздыққа жол бермеуіміз керек. инвестиция салып, тың жобаларды іске асырамын деген бизнес өкілдері болса біз әрдайым қолдаймыз. Дәл осылай өз қаржысын құйып бастаса, ары қарай біздің тараптан қолдау міндетті түрде болады. Мемлекет басшысының да тапсырмасы осы, яғни отандық өнімді өрістету керекпіз. Импортқа тәуелділікті азайтып, экспорт көлемін көбейтуіміз керек, – деді аймақ басшысы.
Ал өнімді өткізу жолдары қалай болмақ? Кәсіпкердің айтуынша, елдің басты өңірлері мен шетелге тасымалдау жоспарланыпты.
– Биылғы өнімді елдің батыс өңірлеріне жөнелтуді көздеп отырмыз. Мүмкіндік болса өзге мемлекеттерге де тасымалдау ойда бар. Сондай-ақ, биыл құрылысы басталатын қойма салуды келесі жылы бітіруге ниеттіміз. Мүмкін болса өнім шығару цехын ашу да ойда бар. Ол кезде сыртқа тасымалдамай, алмадан түрлі өнім шығаратын боламыз. Қойма құрылысының іргетасы осы жылдың қыркүйек айында басталады деп жоспарлап отырмыз, – деді жас кәсіпкер.
Аймақ басшысының жанында Сенат депутаты Руслан Рүстемов пен облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тілеуімбетов бірге болды.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
11 мамыр 2024 ж. 273 0