№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қыраштың алма бағы

Қыраштың алма бағы



Ауылшаруашылығы саласында тағы бір жаңашыл жоба жүзеге асуда. “Qaratau Fruits” шаруа қожалығы Жаңақорған ауданы Қыраш ауылдық округінен 50 гектар жер алып, алма бағын ашты. Түрік мамандарымен біріге отырып, 35 гектар жер дайындалып, Түркиядан келген 75 мың көшет толығымен егіліп, тамшылатып суару әдісімен суару жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, Жаңақорғанда алмабақ өндірісі жақсы жолға қойылған. Амантай Сарбасов, Бақдаулет Мақашов және өзге де ірілі-ұсақ кәсіп иелері осы бағытта жұмыс жасауда. Амантай ағаның алмасы қазір брендке айналып келеді.
Міне, сол секілді Қыраштағы бақ та келешекте елдің экспортын ұлғайтып, экономикаға едәуір септігін тигізеді деп сенеміз. Қазіргі таңда қарқынды алма бағының жер учаскесі қоршаланып, егіс басына қадалары қағылып Түркия елінен арнайы келген агроном маманы, су маманы егіс басында жұмыс жасауда екен. Егіс басында екі МТЗ-82 тракторлары жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар, жер қопсытатын техника, 2 дана арнайы алма жинайтын техникасы жеткізіліп және дәрі шашатын бүріккішпен (опрыскыватель) қамтамасыз етілді. Биылғы жылы алма ағаштарына күтіп-баптау жұмыстары жүргізіледі. 3 жылдан кейін жемістерін алу көзделуде. Шаруашылықта 50 адам жұмыс қамтылу жоспарланса, егіс басында тұрақты түрде – 5 адам, маусымдық кезеңге – 10 адам жұмысқа алынған.
Инвестиция нарыққа ғана әсер етіп қоймайтыны анық, жұмыссыздықты реттеп, жастардың егін саласына деген ынтасын оятуда. Әлем елдерінің өндірісінде алма жемісі үлкен сұраныста. Тіпті, елдің мегаполистеріне де өнім өзге елден келуде. Сондықтан алдымен елдің ішкі саудасын реттеп алсақ нұр үстіне нұр болар еді.
Айта кетейік, өнім Қазақстаннан бөлек, көрші мемлекеттерге де экспортталады. Сонымен жоба басталды, енді жемісі бір-екі жылда болып жатса тамшы тердің ақталғаны. Аграрлы аудандағы тағы бір бастама қолға алынды, бұйырса өнім бітік болсын дейміз.

                                                                                                                                                     Әли Темірбек
01 тамыз 2023 ж. 134 0