АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ
"Nur Otan" партиясының " Ардагерлерді ардақтайық"- жобасы аясында мәслихат депутаты Жусипова Жанат Жайылма ауылындағы ардагер - ұстаз Әбдіқайымова Гаухар ананың шаңырағында болды. Мәслихат депутаты ардагер-ұстазды қарттар күнімен құттықтап, сұхбат жүргізді. Ардагер ұстаздан Елбасының тәуелсіз мемлекетті нығайтуға қосқан үлесі жайлы өз ойын айтуын сұрады. Ардагер елімізде 130- дан астам ұлттың барлығынның бейбіт өмір сүріп отырғандығы Елбасының арқасы екендігін, 30 жыл ішінде Елбасымыздың еліміз үшін атқарған жұмыстарының ұшан- теңіз екендігін айтты. "Мен Әбдіқайымова Гаухар Жайылма ауылында тұрамын. Осы уақытқа дейін "Nur Otan" партиясының жақсы істерін көріп отырмыз. Жайылма ауылы егін шаруашылығымен айналысады. "Nur Otan" партиясының қолдауымен Жиделі су қоймасы күрделі жөндеуден өткізіліп, егіншілікке су жеткізіліп нәтижесінде халық жемісін жеді. Ауылымыздың қақ ортасынан екі қабатты мектеп ғимараты салынып, ауылға көрік беріп тұр. Онда бәсекеге қабілетті шәкірттер тәрбиеленуде. Міне осының барлығы "Nur Otan" партиясының және Елбасының еңбегі деп білемін".Өзіңіздің жетістігіңіз және жастарға айтар тілегіңіз деген сауалға ,- "Менің бірінші жетістігім шәкірттерім". Менің оқытқан шәкірттерім еліміздің түкпір - түкпірінде қызмет етіп жүр. Шәкірттерімнің әрқайсысының жетістіктерін естігенде төбем көкке бір елі жеткендей болып қуанамын. Бұл менің ұстаздық жолындағы еңбегімнің жемісі деп білемін. Тағы жетістігім отбасым. Отбасымда 5 ұл -қыз , 30 немере , 10 шөбере тәрбиелеп өсірген бақытты әжемін". Кездесу соңында Жусипова Жанат ардагер ұстазға ыстық ықыласпен қабылдап, ізгі тілектері үшін алғысын білдірді. Ардагер ұстаз "Nur Otan" партиясы мен оның мүшелеріне жұмыстарына сәттілік тілеп батасын берді.