Тарих төрінде сақталған тұлға
Сыр өңірінің бір пұшпағы Қандөз ауылынан көптеген тарихи тұлғалар шыққан десем артықтық етпес.Соның бірі – аты көпке әйгілі, қазақтың тұңғыш елшісі Нәзір Төреқұлов. Ол – Сыр өңірінің тумасы.1892 жылы Қоқандағы дәулетті отбасында, Қандөз ауылында дүниеге келген. Нәзір Төреқұлов өте жігерлі,елге ерен еңбегі сіңген, аса дарынды сегіз қырлы,бір сырлы тұлға болған.
Нәзір Төреқұлов -мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат. Ол өмір бойы қалың қазақтың қамын түгендеп өткен жан. Алғашқы білімін Қоқандағы жәдидтік бағыттағы медреседен алды.Ол медресе қабырғасында жүріп араб тілін үйренді. Алған білімімен ислам дінінің қасиетті қос қаласы орналасқан Сауд Арабиясында елші болып қызмет ету арқылы еңбегін сіңірді. Тек жалғыз қызы Әнел болды. Ол өте қысқа ғұмырында қазақ халқының тарихында аты өшпестей із қалдырып кетті.Нәзір атамыз сегіз тілді білген. Сегіз жыл бойы Сауд-Арабиясында елші қызметін атқарды.Әл-Сауд король мен КСРО-ның қарым-қатынасында еңбегі зор. Нәзірдің екі ел арасындағы беделі 1932 жылы Сауд Арабиясының болашақ королі, ханзада Фейсалдың КСРО-ға сапары кезінде де анық көрінді. Нәзір екі елдің арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейде болуына мол еңбек сіңірді. Алайда Кеңес одағы Нәзірге лайықты баға берген жоқ. Керісінше КСРО-ның Таяу Шығысқа деген қызығушылығы төмендеп, екі ел арасындағы байланыс қатқылданып, бірте-бірте салқындай бастады. Соның салдарынан Нәзір елшілік қызметінен босады. Елге оралып, Мәскеудегі бірқатар институттарда қызмет істеді. Бірақ бұл қызметі де ұзаққа созыла қоймады. 1937 жылдың шілдесінде қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Оған «Рысқұловпен байланыс орнатты, Түркия тыңшысы болды» деген айып тағылды. Алаш жетекшілері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлын қамқорлыққа алып, баспаға қызметке тартқаны да өзіне жала болып жабысты. Міне, осылайша жалған жаланың құрбаны болып, 45 жасында өмірден озды. Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұлов жайлы естеліктер, мақалалар, кітаптар қанша жазылғанымен әлі де айтар дүниелер аз емес.
Мен Жаңақорған ауданындағы «Өлкетану» музейінде болып, көптеген мемлекет қайраткерлерінің және ақын-жазушылардың фотосуреттері мен жазбаларын, сондай-ақ қолданған бірнеше заттарын көрдім. Соның ішінде Нәзір Төреқұловтың ашаршылық және қуғын сүргін құрбандарына арналған экспозициясында фото суреттері мен құжаттары қойылған. Суреттердің бірінде Нәзірдің 1929 жылы Джидда қаласындағы Фейсал ханзада елшілерімен бірге жүргендігі көрсетілген. Мені біз үшін маңызы бар тұлғалар туралы құнды құжаттардың сақталғаны қуантты. Музей тек Нәзір Төреқұловтың естеліктеріне ғана емес, қазақ халқының ежелден сақталып келе жатқан жәдігерлерге толы болғаны да ерекше әсемдік сыйлап тұр.
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші, осындай батырлықты дәріптеген, елге еңбегі сіңген тарихи тұлғаларымызды кейінгі ұрпақтың ұмытпасына кәміл сенімдімін. Жас ұрпақтың жадында қалу үшін осындай музейлердің дамуына үлес қосуымыз керек.
Балназ Кеңесқызы,
№240 Ғани Мұратбаев атындағы 9 “Ә” сынып оқушысы