Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты қазынасы

Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты қазынасы


Адамның баға жетпес байлығы – денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту жолында мемлекет тарапынан атқарылған жұмыс аз емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласын дамытуды басым бағыттың бірі ретінде белгілеп, халыққа арнаған Жолдауларында нақты талаптар қойды. «Сапалы медициналық қызмет азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан бәріне бірдей қолжетімді болуы керек» деп атап өтті. Осы мақсатта еліміздің Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәрiпбайқызы жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданына келді. Іс-сапар барысында алдымен Ақмарал Шәрiпбайқызы ауданда ашылатын «Қамқорлық» оңалту орталығының алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыс барысымен танысты.


Одан соң Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасының патронаждық қызмет көрсету жүйесімен танысты. Аудандық аурухана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Туре­ба­ева патронаждық қызметтің жетістіктері мен кедергілері, алдағы қойылған мақсаттары бойынша баяндап, денсаулық саласындағы басым бағыттарды тілге тиек етті. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ары қарай патронаждық қызметті, сәби өлімінің алдын алу бойынша жұмыстарды одан әрі жақсартуды тапсырып, аудандағы денсаулық сақтау саласының жұмысына оң бағасын бердi.
Сапар барысында Ақмарал Шәрiпбайқызы аудандық емханаға келуші тұрғындармен кез­десіп, халық денсаулығын қорғау мақсатында министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты.
– Денсаулық – бұл әр адамның және бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы. Ұлт денсаулығы – мемлекеттің күші әрі ең асыл қазынасы. Осы мақсат жолында жүйелі жұмыс жүргізіп, нақты қадамдарға бет бұрып келеміз. Әлбетте, осы қолға алынған жұмыстардың барлығы да халық денсаулығын нығайту, аурудың алдын алу үшін жасалуда, – деп атап өтті.
Иә, денсаулық сақтау саласы – елімізді жаңғырту жолындағы маңызды шаруаның бірі. Соңғы уақытта атқарылып жатқан жұмыстарға ауыл тұрғындары Денсаулық сақтау министрі мен медицина қызметкерлерiне ризашылықтарын білдіріп, алғаусыз ақ тілектерін жеткізді.
Осы ретте атап өтейік, Жаңақорған ау­дандық көпбейінді орталық ауруханасы 245 төсек орынға арналған цифрлы рентген, флюорография, маммография, ультрадыбыстық зерттеу, бронхоскоп, эндоскопиялық жүйе, уретроскоп, цистоуретроскоп, аудиологиялық қондырғы, электрокардиограф аппараттары және видеоэндоскопия, стоматологиялық рент­ген­дік жүйесімен қамтылған. Яғни, жанына шипа іздеген жанның жүрегіне жылу беріп, көңіліне үміт ұялатады.
Алдағы уақытта Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» оңалту орталығы церебральды сал ауруы және тірек-қимыл аппараты аурулары кезінде омыртқа мен буындардың жүру және қозғалу дағдыларын қалпына келтіруге, неврологиялық, нейрохирургиялық және кар­диохирургиялық науқас балаларға оңалту ем-шаралары жүргізетiн болады.
«Қамқорлық» оңалту орталығы әр бала­ның ауру ерекшеліктерін ескере отырып, қоз­ғалыс дағдыларын дамытудың заманауи тех­­­­но­логияларын қолданатын болады, яғни оңал­ту­дың арнайы техникалық құралдары, трена­жер­лер, аппараттар мен аппараттық-бағдар­ламалық кешендер қолданылады.
Сонымен қатар 50 төсек орын болып ашылатын «Қамқорлық» оңалту орталығында дефектолог, логопед, психолог, физиотерапевт, эрготерапевт, механотерапия, бальнеотерапия, емдік-профилактикалық, шунгитті, тұзды, сен­сорлы және интерактивті бөлме қызмет көрсетпек.

Әсел РЗАЕВА
07 мамыр 2024 ж. 223 0