Соңғы жаңалықтар

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Тазалық "Жеңіс" саябағында

Тазалық "Жеңіс" саябағында

Кеше Жаңақорған кентіндегі «Жеңіс» саябағындағы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенін ретке келтіру, көгалдандыру, ақтау-сырлау, абаттандыру, күл-қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Акцияға аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов, аудан жастары, мекеме ұжымдары, ардагерлер, қоғам белсенділері қатысты.
Атаулы акция бағдары аудандағы бар­лық кент және ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналады. Аудан еріктілері мен жастары, ардагерлер, қоғам белсенділерінің қатысуымен Жаңақорған кентіндегі «Жеңіс» ескерткіші аумағын ретке келтіру, ақтау-сырлау, абаттандыру, күл-қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Игі бастамаға Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, кәсіби медиатор, Ерғали Оразбеков те қатысып, тұрғындарды туған жерімізді бірге көркейтуге шақырды.
"Тазалық – жинаған жерде емес, сақталған жерде болады" дегендей, аудан тұрғында­рын қоршаған ортаны ластамай, тазалық акциясының алдағы науқанына да белсенді атсалысуға шақырамыз.
21 сәуір 2024 ж. 797 0