Аймақта жастардың қатысуымен ауқымды шаралар өтті
Фото: egemen.kz
"Аймақта жастардың қатысуымен ауқымды шаралар өтті" - деп жазды kyzylorda-news.kz
Жас экскурсовод
Қызылорда. Қызылорда қаласының тарихы музейінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері арасында «Жас экскурсовод» жобасы ағылшын тілінде ұйымдастырылды. Жобаны тамашалауға «ORDA» жоғарғы колледжінің студенттері қатысты. Аталған жоба жастар арасында туған жердің төл тарихын тануға, ұлттық құндылықтарын ұлықтауға, көпшілік алдында өзін көрсету мен шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаның ең үздік экскурсоводын, яғни жеңімпазды анықтауға қаладағы бірнеше мектеп ұстаздары мен қала тарихы музейі қызметкерлері атсалысты. Сайыс нәтижесінде студенттер жүлделі орындар иеленіп, түрлі аталымдарымен марапатталды. Бар жақсылық – балаларғаБар жақсылық – балаларға
Арал. Аудандағы 10216-Ж әскери бөлімі және 55652 а/б авиция бағыттау пунктінің қызметкерлері БҚО-дан келген балаларға тосын сый жасады. Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова әскери қызметкерлерді күтіп алып, оқушылармен кездестірді. Ел амандығын кірпік қақпай күзетіп жүрген әскери мамандар оқушыларға қажетті киім-кешектер мен жеміс-жидек ұсынды. Тәтті сусындар таратып, балалардың туған күніне торт тарту етті. Сондай-ақ әскери өмір жайлы әңгімелеп, балалармен емен-жарқын сұхбат құрды.Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Қазалы. Аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында жұмыссыздар мен жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде ауданға қарасты 25 мекеме мен жеке кәсіпкерлерден 131 бос жұмыс орны және 2024 жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 22 жоба бойынша құрылыс жүретін уақытқа 65 уақытша бос жұмыс орны ұсынылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жастар тәжірибесіне – 255, әлеуметтік жұмыс орнына – 3, алғашқы жұмыс орнына – 24, ұрпақтар келісім шартына – 4, қысқа мерзімді оқу курсына 30 бос жұмыс орны ұсынылып, мемлекеттік қайтарымсыз грантқа 146 адамға қаржы қаралғаны хабарланды. Жәрмеңкенің нәтижесінде 12 жұмыссыз адам тұрақты жұмысқа, 5 жас маман жастар тәжірибесіне және 5 жұмыссыз адамәлеуметтік жұмысқа жолдама алды.Айбын-2024
Қармақшы. Білім бөліміне қарасты №183 К.Томанов атындағы орта мектеп базасында жалпы білім беретін мектептердің 14-18 жас аралығындағы оқушылары арасында «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиынының аудандық кезеңі өтті. Сайыс әскери қолданбалы спорттың 8 түрі бойынша өтті. Ауданның 30 мектебінен 5 аймаққа бөлінген команданың оқушылары тартысты сайыс өткізіп, жеңімпаз атанған командалар арнайы дипломдармен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.Шағын футболдан облыстық турнир
Жалағаш. Мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған доп додасында 8 команда бақ сынап, шаршы алаңда сынға түсті. Жарыс нәтижесі бойынша І орынды Қызылорда қаласынан келген команда иеленсе, жүлделі ІІ орынды Жалағаш ауданы еншілеп, үздік үштікті Шиелі ауданы түйіндеді. Сондай-ақ Арал, Қармақшы, Сырдария, Қазалы және Жаңақорған аудандарының қатысушыларына ынталандыру сыйлықтары үлестірілді. Барлық жеңімпаз командалар арнайы кубок, дәрежелік диплом, алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.«Ауыл аманаты» жобасы жемісін беруде
Сырдария. «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылдық округінде құрылған «Бәйтерек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ашылу салтанаты өтті. Аталған кооператив жүннен жасалатын бұйымдар дайындау цехын ашып, 27,6 млн теңге жеңілдетілген жылдық 2,5%-бен несие алып, өз жұмысын бастады. Қазір бұл кәсіпорында 6 адам жұмыспен қамтылған. Несие қаражатына жүн өңдейтін арнайы құрылғылар, теріге арналған тігін машина, жүн тарауға арналған түрлі құрылғылар да сатып алған. Кооператив ауыл тұрғындарынан жүн, тері жинап, оны өңдеу арқылы ұлттық нақыштағы киіз үй бұйымдарын шығаруда.Сырдың Сәбирасы
Шиелі. Аудандық мәдениет үйінде мәңгі өлмес өнер иесі, ұлт мақтанышы, Қазақстан және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбира Майқанованың 110 жылдығына арналған «Сырдың Сәбирасы» атты қызкеліншектер арасындағы монолог оқушылардың облыстық байқауы өтті. Байқауға Қазалы, Жалағаш, Жаңақорған, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандарынан 18-45 жас аралығындағы 9 үміткер қыз-келіншек қатысты. Тартысты өткен сайыс нәтижесінде бас жүлде қармақшылық Гүлфариза Шакароваға, І орын жалағаштық Шынар Қоқымбайға, ІІ орын шиелілік Айнұр Ысқақоваға бұйырса, қазалылық Динара Сапар мен жаңақорғандық Балжан Сәдуова ІІІ орынды өзара бөлісті.Кітап оқу бәйгесі
Жаңақорған. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Тұлғалыққа бір қадам» атты кітап оқу бәйгесі өтуде. Бәйгенің мақсаты – мектеп оқушыларының кітап оқуға деген құштарлығын оятып, кітап оқу дағдысын қалыптастырып, әрі жандандырып, сол арқылы төл құндылықтарымызды насихаттау. Сайысқа Жаңақорған кенті мектептеріндегі 300-ге жуық оқушы қатысуда. Бәйгеге қатысушы оқушылар арасында «Кішкентай ханзада» кітабы бойынша флешбук жиыны өткізілді. Оқушылар өзара жарысқа түсіп, үздік болып танылған мектеп оқушылары қаржылай сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар Ш.Мұртазаның « Ай мен Айша», Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармаларынан оқушылар тест тапсырып, жеңімпаздар диплом, қаржылай сыйақылармен марапатталды.А. Оралбай