№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кітап күні мерекеленді

Кітап күні мерекеленді


Сыр өңірінде биылғы жылдың «Руханиятты қолдау жылы» болып жариялануы көптеген жарқын бастамаларға жол ашуда. Облыс орталығында халық игілігіне берілген руханият ошақтары осынау бастамаға сый іспетті көп көңіліне үлкен серпін дарытып отыр.
Жаңақорған ауданында жаңадан қазық тіккен Руханият орталығы құрылысының басталу салтанатына аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев және осы өңірден сайланған Парламент, Сенат депутаттары арнайы келіп, ел қуанышымен бөлісті.


Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы­ның сөзі төмендегіше өрілді:
– Аймақтар қуатты болса мем­лекет өсіп-өркендейді. Мемлекет басшысының осындай ұстанымы әр өңірде айшықты экономикалық өрлеуге жол ашып отыр. Биыл облыс бюджеті 650 млрд теңгеге жетті. Жаңақорған ауданында да тың экономикалық өсіп-өркендеу көрсеткіштері бар. Инфрақұрылым­ды дамытуда жетістіктер аз емес. Сүттіқұдық, Қожамберді ауылдары­на бөлінген 2,9 млрд қаржыға ау­ыз су мәселесі шешілді. Келінтөбе, Еңбек, Қожамберді ауылдарында электр желілері жөнделді. 3,4 млрд теңгеге Жаңақорған кентінің электр жүйелері жаңартылды. Баспанамен қамту бойынша былтыр 50 тұрғын үймен кезекте тұрған аса мұқтаж жан­дар қамтылса, биыл 150 баспа­на салынады. Жаңақорған кентінде және Жаңарық ауылында салынып жатқан «Жайлы мектеп» қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Ден­саулық сақтау саласы бойын­ша Қаратөбе ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріл­се, биыл Төменарықта дәрігерлік амбу­латория, оған қосымша он бес төсектік аурухана ел игілігіне беріледі, – деген ол әрі қарай елімізде орын алып жатқан төтенше жағдай – су тасқынында ерекше қимыл танытып, сын сағатты еңсерген отандастарымыздың ауызбіршілік іс-қимылдары туралы айтты.
Сыр өңірі тұнған шежіре. Міне, осы құндылықтарды жаңаша тұр­ғыда өрістетуде заманауи шығар­машылық орталықтарының маңы­зы зор. Өнер орталығы, музыка­­лық колледж, облыстық өлкетану му­зейінің ашылуы мәдениет өкіл­дерінің жаңашылдықпен жұмыс жа­сауына мол мүмкіндік береді. Барлық зияткерлік нысандарында «Адал адам» орталықтары ашылуда. Мұндағы мақсат – Сыр жауһарларын сақтап, ұрпақ жүрегіне ұялатумен қатар жас буынды отаншылдыққа, тәуелсіздіктің қадірін терең түсініп, бағалай білуге тәрбиелейді.
Бұл күні ауданда тұңғыш қазығы қағылған рухани орталықта музей, неке қию орталығы, сонымен қатар тәулік бойы жұмыс істейтін кітапха­на бір жерге шоғырланып, мәдени қызмет аясы кеңи түспек. Құрылысқа 11 млрд-тан астам қаржы бөлініп отыр. Ендігі мәселе, құрылыстың сапасында. Алдағы уақыт мінберіне мінсіз қызмет жалғауға тиіс рухани орталық құрылысын құрыш қолды құрылысшыларға тапсырған аймақ басшысы осы істің басы-қасында жүрген еңбек адамдарына зор сенім артты.
Келесі кезекте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбе­нов, «Құрмет» орденінің иегері еңбек ардагері Әзия Қыстаубаева сөз алып, игілікті іске тілектестігін білдірді.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ
27 сәуір 2024 ж. 234 0