Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 554

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жаңа шипажай бой көтерді

Жаңа шипажай бой көтерді



Жаңақорған ауданының 95 жылдығы аясында Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылдық округінде орналасқан «Жан-Арай» кешеніндегі шипажай ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін қос мерекемен құттықтап, заманауи үлгідегі демалыс орнын салған кәсіпкер, меценат Бақдәулет Мақашовқа алғыс білдірді.
«Сыр өңірі мерейтойға жоғары дайындықпен келді. Жаңақорған ауданында да келелі істердің жарқын көрінісі байқалады. Ауданның даму көрсеткіштері жақсы. Биыл 6 елді мекенге газ құбырлары тартылуда. Жаңақорғанда 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Біреуінің іргетасын бүгін қалаймыз. Жыл соңына дейін Қаратөбе ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Екі ауылда жаңа 150 орындық клуб қызметін бастайды. Біреуінің ашылу салтанаты бүгін өтеді. Мемлекеттің қолдауына мұқтаж 50 отбасы баспаналы болады. Халықтың саулығын сақтауға септігін тигізетін шипажай, міне, игіліктеріңізге қызмет етуге әзір. Әлеуметтік маңызы бар нысан салып берген кәсіпкерге алғысымды білдіремін», - деді аймақ басшысы.
Іс-шарада Бақдәулет Еркінбекұлына Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, «Жан-Арай» ЖШС-ның 4 қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, шипажай кешені «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие қаражаты және кәсіпкердің өз қаржысы есебінен салынды. 150 орындық нысанда 50 адам жұмыспен қамтылады.
22 қазан 2023 ж. 545 0