КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ
Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Шахизатұлының басқаруымен білім саласының өзекті мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Алқа отырысына аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібінде педагогтар аттестациясы жайлы түсіндірме жұмыстары, 3-тоқсан оқу қорытындысы, 1-сыныпқа бала қабылдау жұмыстары, жазғы тынығу лагерьлері жұмысының ұйымдастырылуы және өзге де мәселелер жайы тыңдалды.
Бекжан Шахизатұлы күн тәртібіндегі көтерілген мәселелерге арнайы тоқталып, білім сапасын арттыруда атқарылған әрбір жұмысқа өзіндік талдау жасап, жан-жақты талқылады. Мәжілісте ұсыныс ретінде айтылған мәселелерге қатысты тиісті шешім қабылданып, назарға алуға байланысты тиісті тапсырмаларын жүктеді.
Жүсіп Жанель