«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қызылордалық нейрохирургтар омыртқадағы ісікті алып тастады

Қызылордалық нейрохирургтар омыртқадағы ісікті алып тастады

Қызылорда қаласындағы көпсалалы облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесінде жыл сайын мыңға жуық пациент емделуде, оның алты жүзіне ота жасалады. Ең күрделілерінің біріми мен жұлындағы ісіктерді жою.
76 жастағы Қыпшақбай Қалмахановты дәрігірлер аяғына тұрғызды. Науқас шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Аяғы жүрмей, қуықтың қызметі бұзылды. МРТ және КТ зерттеу кезінде бел омыртқасында экстрадуральды ісігі анықталды. Пациентке ота жасалды. Ісік қатерсіз. Енді ақсақал өз аяғымен жүріп жүр.
«Тәжірибелі дәрігерлер кәзір жоқ,болса да, таныс арқылы ота жасайды, деп жиі естиміз. Бірақ олай емес екен. Осы күнге дейін хирург Шыңжырбай Оразмаханұлы туралы білмедім. Оған және оның жұмыс тобына кәсібилігі үшін мың алғыс! Мұндай күрделі ота маған тегін жасалды. Осындай мықты дәрігерлерлеріміз көп болсын және МӘМС жүйесі өркендесін», - дейді Қыпшақбай Қалмаханов.
Жыл сайын облыстың нейрохирургтары ми мен жұлынға 150-ге жуық ота жасайды. Дәрігерлер еліміздің жетекші нейрохирургтарының, шетелдік мамандардың шеберлік сыныптары барысында кәсіби дағдыларын жетілдіреді. Бөлімше жаңа жабдықтармен, құралдармен толықтырылады.
Дәрігерлер атап өткендей, мұның барлығы денсаулық сақтау саласының дамытудың және МӘМС жүйесіндегі қаржыландырудың арқасында.
«Біз мұндай оталарды әлі жасамаған кезде пациенттеріміз шетелдік мамандарға жүгінуге мәжбүр болды. Мысалы, Израильде омыртқаға ота 25-50 мың доллар тұрады. Қазақстанда - 2,5 млн. теңге. МӘМС аясында сақтандырылған пациенттерге осындай оталарды, диагностикалық тексерулерді тегін жүргіземіз», - деп атап өтті жоғары санаттығы дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау үздігі, нейрохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Шынжырбай Оразмаханұлы.
Биыл аймақта нейрохирургиялық оталарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 178 млн теңге бөлінді.
22 сәуір 2024 ж. 203 0