№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Дәрігерлер үсік шалған науқасқа көмектесті

Дәрігерлер үсік шалған науқасқа көмектесті


Қызылорда қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері аяқ саусақтары үсік шалған науқасқа шұғыл көмек көрсетті.
Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны Асқар Манасов (аты-жөні өзгертілді) аяқ саусақтарын сезбей, қозғала алмай дәрігерлерге жүгінген. Әйелімен жанжалдасып қалған ер адам үйінен шығып, көшеде қатты үсік шалған. Пациентке тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
«Ренжіш пен ашуланып түнде көшеге шықтым. Таң атқанша, аязда, далада жүрдім. Сол күні ешқандай ауырсынуды сезбедім. Бірақ екінші күні аяқ саусақтарым мазалай бастады. Емханаға жүгіндім. Дәрігерлер жедел жәрдем шақырып, шұғыл ауруханаға жатқызды. Кәзір ем қабылдап жатырмын. Әзір уақытша жұмыс істемеймін. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында одан әрі ем алу қажет. Осы жылдың 12 айына дербес төлеуші ретінде төледім. Дәрігерлерге мың алғыс, уақтылы медициналық көмек көрсеткені үшін рахмет», - дейді Ербол.
Қатты аязда үсік алу қаупі жоғары, деп ескертеді дәрігерлер.
«Қатты үсік кезінде жұмсақ тіндердің, сүйектердің және буындардың барлық қабаттары зақымдалады, бұл ампутацияға әкелуі мүмкін. Көбінесе тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар бізге шұғыл жеткізіледі. Алайда, өкінішке орай, аяз кезінде емес, кейінірек, аяз салдарынан қайғылы жағдайға әкеп соқтырған кезде. Өзіңізді күтіңіз, жылы киініңіз, көшеде ұзақ жүрмеңіз», – деп ескертеді көпсалалы қалалық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Расул Әлімбетов.
2022 жылы көпсалалы қалалық аурухананың (КҚА) травматология бөлімшесіне мыңнан астам адам ем алды. Көбісі шұғыл. МӘМС және ТМККК шеңберінде ай сайын КҚА-ның травматологиялық науқастарын емдеуге медициналық сақтандыру қорынан шамамен 30 миллион теңге бөлінеді.

Айгүл Аханова
17 қаңтар 2023 ж. 236 0