Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ғалымдар әлемдік пандемияға әкеле алатын тағы бір вирусты анықтады

Ғалымдар әлемдік пандемияға әкеле алатын тағы бір вирусты анықтады


Тұмау вирусы жақында әлемдік пандемияға айналуы мүмкін. Дүние жүзі бойынша жасалған сауалнамаға 187 ғалым осылай деп жауап берді. 

Халықаралық зерттеуге сәйкес, ауруларға қатыты жетекіш сарапшылардың 57%-ы тұмау вирусы әлем бойынша өршіп, адамдардың жаппай жұқпалы аурудан өлуіне себеп болады деп санайды. 

“Тұмау әр қыста пайда болады. Мұны шағын пандемия десек те қателеспейміз. Десек те оны бақылауда ұстауға болады. Себебі тұмауды тудыратын бұл штамдар вирулентті емес. Бірақ бұл алдағы уақытта да осылай болады дегенді білдірмейді”, – дейді Кельн университетінің ғалымы Джон Салмантон-Гарсия. 

Респонденттердің тағы 21%-ы "Вирус X" инфекциясының бүкіл әлемге қауіп төндіретініне сенімді. Бұл вирус әлі белгісіз микроорганизм. Ол Sars-CoV-2 инфекциясы сияқты күтпеген жерден пайда болады.
Сонымен қатар сауалнамаға қатысқан ғалымдардың 15%-ы Sars-CoV-2 инфекциясы қайтадан әлемдік пандемияға себеп болатынына сенімді.
22 сәуір 2024 ж. 333 0