Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Игі бастаманы Қызылордалық қаламгерлер қолдады

Игі бастаманы Қызылордалық қаламгерлер қолдады

9 сәуір күні Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы, жазушы Мереке Құлкеновтің төрағалығымен Басқарма мәжілісі өткен болатын. Мәжілісте ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты қабылдаған Үндеу талқыланып, Қазақстан Жазушылар одағының атынан еліміздегі барлық шығармашылық одақтарға Үндеу жарияланған еді.
Аталған Үндеумен Қызылордалық қаламгерлер де танысты. Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы өкілі Қ.Есімсейітова сырбойылық қаламгерлерге еліміздің бірқатар өңірінде қалыптасқан ахуал жөнінде кеңінен айтып, көршілес облыстың жұртшылығына қолдау көрсету жұмысын пысықтауды ұсынды. Ұсыныс қаламгерлер тарапынан қолдау тауып, Одақтың қасиетті Сыр өңіріндегі мүшелері қолдан келген көмекті көрсетуге әзір екенін айтты.
Игі бастама аясында қаламгерлер өз еріктерімен қаражат жинап, елдің бірлігін, ынтымағын көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы өкілі Қ.Есімсейітова бастап, Қатира Жәленова, Толыбай Абылаев, Қали Омаров, Несібелі Рахмет, Оңталап Нұрмаханов, Достық Тілеубергенов, Сайлаубай Жұбатырұлы, Нұрмахан Елтай, Рахат Наурызбаева, Серікбай Қошқаров, Ғазиза Әбілда, Ақтөре Ибрагимұлы өз үлесін қосты. Жиналған 230 000 теңге қаражатты Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы өкілі Қаршыға Құрмашқызы Қазақстан Жазушылар одағы тарапынан ашылған есепшотқа аударды.
– Халқымызда «Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Еліміздің көптеген аймағына биылғы көктем ауыртпалығын ала келді. Әсіресе еріген қар суы мен өзендер арнасының асуынан бірқатар облыстар зардап шегуде. Осыған орай Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев халыққа арнайы Үндеу жолдады. Қазақстан Жазушылары, оның ішінде сырбойылық ақын-жазушылар бұл Үндеуді толықтай қолдайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, табиғаттың тосын мінезіне бүкіл халық болып қарсы тұрып, бірлесе қимылдап жатыр. Игі бастамаға атсалысқан әріптестеріме ризашылығымды білдіремін, – деді Қаршыға Есімсейітова.
Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы өкілі су басқан өңірлердің тұрғындарына амандық-саулық тілейді және ел еңсесінің тезірек тіктелуіне тілектес ниеттерін білдіреді.
12 сәуір 2024 ж. 203 0