№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады


Ауа-райының күрт жылуы салдарынан туындаған еліміздің бірқатар өңірлеріндегі ахуалға байланысты Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.

Мемлекет су тасқынының зардаптарын жою бойынша қарқынды шаралар қабылдауда. Төтенше жағдайлар қызметі мен құтқару жасақтары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Елде қалыптасқан жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

Мемлекет үшін бастысы - адамдардың қауіпсіздігі. Жұмысты үйлестіруде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қажетті қолдау көрсетуге басымдық берілуде, оның ішінде: эвакуациялау; уақытша тұратын орын-жаймен қамтамасыз ету; медициналық көмек көрсету; азық-түлік пен медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу; психологиялық көмек көрсету.

Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына материалдық көмек көрсетіледі, барлық шығын өтеледі және толық жабылатындығы айтылды.

ҚҰРМЕТТІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ! ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Халықтың бірлігін, қоғамның ынтымағын және рухтың беріктігін сақтау қазіргі таңда аса маңызды.

Көрінеу ақпаратқа арандамауға, тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамын!

Қазіргі басты міндет – су тасқыны кезеңін еңсеріп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
10 сәуір 2024 ж. 171 0