№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кітап күні мерекеленді

Кітап күні мерекеленді


Жаңақорғанда тұңғыш рет халықаралық балаларға арналған кітап күні аталып өтті. Бұл мерекенің шығу тарихына тоқталсақ,1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай аталып өтіледі. Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдер өткізу дәстүрге айналған.


Руханиятта шекара болмайды. Үлгілі істі үкілеу үлкен мақсатқа жеткізеді. Мереке аясында балалар әдебие­ті насихатталады. Оларға бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жан-жақты танстырылып, дәріс де оқылады. Кітапқа қызықтыру арқылы жас өреннің руханият мәйегін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлауға, үлкенге құрмет көрсетуге, имандылыққа тәрбиелеу міндет. Осы бағытта А.Сопыбеков атындағы аудан­дық кітапхананың балалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» аллея­сында «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем-ВООК» жобасы аясында 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – адамзаттың жақын досы» атты кітаптар шеруіне арналған мерекелік шара өтті. Оқушыларды кітаптарды құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушылар­дың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығу­шылығын арттыруға бағытталған та­нымдық шараға зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар, жастар мен мектеп оқушылары қатысты.
Рухани жиынның тұсауын кескен аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов шараның маңыздылығына тоқталды.

– «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап оқу, оқығаныңнан ой қорыту кемелденуге көмектеседі. Қазіргі таңда қаншама технологиялар тұрмысымызды жақсартқанымен, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кім-кімді де зейін-зеректілікке баулып, санадағы ой арпалысына сәулелі ақылмен араша тұрар кітап секілді жанашыр достың орны зор. Сондықтан әр бала кітаппен дос болғаны келешегіне алтын көпір салғанмен бірдей, – деді ол.

Шараның құрметті қонақтары Қа­зақстан Жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны Адырбек Сопыбековтің жары Шарипа анамыз бен балалар ақыны Оразбай Қосанов ағамыз­ға жас оқырмандар құрмет-қошемет та­ны­тып, мереке айында жарқын лебіздерімен бөлісті. Балалар кітабы шеруінде жергілікті ақын, жазушы Адырбек Сопбековтің «Көңілді біздің күніміз» кітабы мен «Шешілген жұмбақ» топтамасы көш бастады. Балдырған бала жүрегіне әр өлеңі құйыла кететін ақ жүрек ақынның өлеңдері де жатқа оқылды. Керуен тізбегін кештің құрметті қонағы Оразбай Қосановтың «Танысай­ық төлдермен» және «Балаларға ба­зар­лық» кітабы жалғастырды. Осы сап­тан бүлдіршіндер сүйіп оқитын ең көп сұраныстағы балалар әдебиеті де тыс қалмады, Оның ішінде әлемнің классигі, атақты ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің «Таңдаулы ертегілері», Астрид Линдгреннің «Ұзыншұлық Пипи» кітабы, ««Қазақ халық ертегілері», Алдар көсе мен Қожанасыр хикаялары, жергілікті қаламгер Байбота Қошым-Ноғайдың «Достық жоралғы» кітабы, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы, Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо», Жюль Верннің «Он бес жаар капитан», Николай Носовтың «Дым білместің Айға сапары», Мұзафар Әлімбаевтың «Алақай балақай» кітабы шерудің мәнін кіргізді.
Шара барысында аудан кітап­ханалары бойынша «Ең үздік оқырман» деп сараланған бір топ жас оқырман­ға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Әбілқайыр Сыздықовтың «Алғыс хаты» табысталды.
Рухани шараға жиналғандар «Зерек» негізгі орта мектебі мен «Дарын-Shcool» мектебінің оқушылары дайындаған кон­церттік бағдарламасын тамашалады. Тақырыптық әндер орындалып, жергі­лікті ақын-жазушылардың кітапқа ар­налған өлеңдерінен үзінділер оқылды. Солардың қатырында Айару Құрманқазы орныдаған «Кітап әлемі» әні, Сұлтан­хан Нұрберген мен Альмира Нартайдың «Кел, досым, кітапханаға» әні жүрекке жетті.

ТҮЙІН: «Білім – кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандар­ды басқарады». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас өрендерге қарата айт­қан осы тәмсілінен-ақ көп нәрсені аңғару қиын емес. Демек, технология дамыған заманда балалардың кітап оқудан алшақтамауы үшін арнайы мерекенің ұйымдастырылуының өзінде де үлкен мән-мағына жатқандай. М.А.Горький: «Кітапты сүйіңдер, ол өмірді нұрландырады!» деген екен. Кітап оқыңыз, жас өрен!

Мақпал МАРҚАБАЙ

06 сәуір 2024 ж. 174 0