№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынов Гонконгта өтетін Азия чемпионатында сынға түседі.

Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынов Гонконгта өтетін Азия чемпионатында сынға түседі.



Дюздодан Қазақстан құрамасының көсбасшылары Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынов бастаған балуандар Гонконгта өтетін Азия чемпионатында сынға түседі.

Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы мен қыздар арасындағы жүлдегері Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынова бастаған Қазақстан құрамасы 20-22 сәуір аралығында өтетін сары құрлықтың басты додасына қатысады. Қытайдың Гонконг қаласында өтетін Азия біріншілігіне еліміздің ең үздік балуандары барады. Назарларыңызға байрақты бәсекеде ел намысын қорғатын спортшылардың тізімін ұсынамыз. 
Ерлер:
60 келі. Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали
73 келі. Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов
81 келі. Абылайхан Жұбаназар
100 келі. Нұрлыхан Шархан
+100 келі. Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер:
48 келі. Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
57 келі. Бахыт Құсақбаева
63 келі. Эсмигуль Куюлова
70 келі. Екатерина Токарева
78 келі. Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина.
+78 кг. Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.
Айта кетейік, Азия чемпионатының жеңімпазына рейтингте 700 ұпай, күміс жүлдегеріне 490 ұпай,ал қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 ұпай қосылады.
05 сәуір 2024 ж. 91 0