Конституция

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Елімізге мигранттар қай мемлекеттерден көп келеді? ІІМ жауап берді

Елімізге мигранттар қай мемлекеттерден көп келеді? ІІМ жауап берді

Фото: el.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанға қай елдерден мигранттар көп келетініне қатысты ақпарат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Елімізге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай сынды мемлекеттерден мигранттар көп келеді", - деді Игорь Лепеха Сенат кулуарында. Ол көші-қон заңын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылғанын айтты.
"2024 жылы көші-қон заңын бұзғаны үшін 9800 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 мың адам елден шығарылды. Заңды бұзғандардың басым бөлігі – Өзбекстан азаматтары. Олар елде болу мерзімін бұзған", - деді министрдің орынбасары.
Игорь Лепеха өзбекстандықтар мен тәжікстандықтар көрші елге бару үшін Қазақстан территориясын пайдаланатынын жеткізді.
"Жыл басынан бері елімізге 1 млн 73 мың өзбекстандық келді. Оның 982 мыңы елден шығып кетті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша олар көшбасында тұр. Мысалы, елімізге 5 млн 396 Өзбекстан азаматы келіп, 5 млн 373 өзбекстандық елден шықты. 411 Өзбекстан азаматы уақытша тіркеуге қойылды. Негізінен олар еліміз арқылы көрші мемлекеттерге барады.
Сондай-ақ биыл Қазақстанға 218,5 мың тәжікстандық келді, оның 213 726-сы елден шығып кетті. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 710 Тәжістан азаматы жауапқа тартылды, 195 адам елден шығарылды", - деді ІІМ өкілі.
28 наурыз 2024 ж. 388 0