№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Таулы өлке наурызды ерекше атап өтті

Таулы өлке наурызды ерекше атап өтті


Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі - исі қазақ халқының жаңа жылдың басталуы мерекесі Шалқия кенті мен Құттықожа елді мекенінің тұрғындарының қатысумен кең көлемде тойланды.
Ата-бабадан аңсатып жетер жыл басы мерекесі Наурыз тойы Акционерное Общество Шалкияцинк Лтд мекемесі, Шалқия Кенті Әкімінің Аппараты Шалқия Кенттік Мәдениет Үйі
 Ұлан балабақшасы мен Шалқия Оңалту мекемесінің тіккен киіз үйлері мен палаткаларының ішінде қазақтың ұлттық асы наурыз көже құйылып, керемет мәдени іс шара мен спорттық жарыстар жанкүйерлері болып, нұр шашқан жауынды күні есте қаларлықтай етіп мейрам тойланды.
Шара барысында ШалкияЦинк ЛТД мекемесінің ашылғаннан бері тарихына куәгер жастай келіп, осы мекеме қабырғасынан зейнет жасына шыққан шахтерлар мекеме басшысының алғыс хатымен марапатталып, сый- сияпат табысталды. Осы арқылы мекеме қызметкерлерінің қандай құрметке лайықты маман иесі екендігін көрсетіп, жастарға шахтер мамандықтарына деген қызығушылығын арттырды.
Шара кезінде Қыдыр ата келіп халыққа батасын берді.
Соңы спорттық шаралар жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табысталды.
Барша Шалқиялықтар жыл басын қасиетті ораза айында қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, жыл бойы тоқшылық пен берекелі жыл болсын деген шын жүректен шыққан ниеттерімен аузы беріктері сарқытын алып, күлімдеп қайтып бара жатқандарын көріп жүрегіме бір қуаныш ұялады.
Жаңа жыл құтты болсын мұсылман бауырларым! Жыл бойы елімізде береке бірлік пен тойымшылық болсын!
22 наурыз 2024 ж. 175 0