Соңғы жаңалықтар

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстанда адам саудасымен күрес жөніндегі дербес заң пайда болады

Қазақстанда адам саудасымен күрес жөніндегі дербес заң пайда болады

Сурет: Depositphotos
Мәжіліс "Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметінен.   Заң жобалары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі "Адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралар туралы" Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленді.
Негізгі заң жобасына жаңа ұғымдар енгізіліп, кейбір анықтама халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Заң нормалары қолданылатын тұлғалар шеңберi айқындалып, уәкiлеттi мемлекеттiк орган құрылады, адам саудасына қарсы күрес субъектiлерi мен олардың құзыретi нақтыланады. Сонымен қатар адам саудасының тәуекелін бағалау және құрбандарды қайта бағыттау тетігі енгізіледі. Адам саудасы құрбандарының құқықтары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық негіздері де қарастырылған.
20 наурыз 2024 ж. 233 0