Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қожакентте Нағызхан Бакировтің орындаған әндері әуеледі

Қожакентте Нағызхан Бакировтің орындаған әндері әуеледі

Өнер десе, ішкен асын жерге қоятын, аудан мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан тума талант, Қожакент ауылының "Думан" ансамблінің жетекшісі Нағызхан Бакировты еске алу кеші өтті. Қожакент ауылдық клуб үйінде өнер иесінің жақындары, өнердегі, өмірдегі достары, шәкірттері қатысып, көпшіліктің көңіліне қуаныш сыйлаған керемет кештің куәсі болды.
Осы тұста айта кетейік, Бакиров Нағызхан Аққожаұлы Қожакент ауылында 1961 жылдың наурыздың 14 жұлдызында өмірге келген. Ардақты әкесі Аққожа мен аяулы анасы Ұлжаннан жеті ұл, төрт қыз өрбіген екен. Осы қасиетті өңірде өсіп, ержетіп, 1988 жылы жан жары Мустафаева Зағипамен шаңырақ көтеріп, төрт ұл, екі қызды тәрбиелеп барлығын азамат етіп, құтты орындарына қондырған өнерде де өмірде де мағыналы ғұмыр кешкен майталман тұлға десек артық болмас. Тағдырдың жазуы болар, 2022 жылдың 18 желтоқсан күні жарық дүниемен қош айтысып, қалың жұртшылықтың қабырғасын қайыстырып кеткен еді. Бірақ, талант иесі өмірден өтсе де, артында өшпес ізі қалды.
Айтулы шарада Нағызхан ағамыздың өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды. Ол кісінің ұстаз ретінде бойларына сіңірген қасиетін тілге тиек етіп, адамдық, адалдықты, тазалықты жаны сүйетін жан екенін сағынып еске алды. Оның жарқын бейнесі кейінгі ұрпағына қалдырған еңбектері арқылы мәңгілік сақталары сөзсіз. Осылайша, әнші бірнеше туындылардың авторы өнер иесін еске алуға арналған кеш жоғары деңгейде өтті. Қазақта "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" демей ме, осындай ардақты азаматтың еске алу кешін Қожакент клуб үйі ұйымдастырса, ауданның ардақты азаматы Изатулла Үсенов бастаған біршама азаматтар демеушілік көрсетіп, игі іске игі амалын көрсетті. Жиналған жұртқа ауызашар беріліп, өр тұлғалы азаматқа құран оқылды. Ел-жұртының артында ізі қалған өнер иесіне деген құрметі зал толы көрерменнің ыстық ықыласынан-ақ сезіліп жатты.
18 наурыз 2024 ж. 161 0