№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «AMANAT» партиясының бағыты айқын

«AMANAT» партиясының бағыты айқын


«AMANAT» – партиясының жүгі ауыр, жауапкершілігі зор. Партияның атауымен бірге атқаратын ауқымды жұмыстары да аз емес. Ел аманатын арқалаған партия мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосып, көпшіліктің мүддесін көздейді. «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитовпен сұхбатымыз осы бағытта өрбіді.


– Арман Әбілпейсұлы, «АMANAT» партиясы халықтың сеніміне ие болып, жүйелі жұмыс жасап келе жатқанын көріп жүрміз. Қоғам арасында партия қандай мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуде? Әуелі, «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының 2023 жылдары атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттерін айтып берсеңіз?
– «AMANAT» халықтық партия болған соң ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асыруда. Осы тұрғыдан «AMANAT» партиясы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы барлық игі бастамаларға ұйытқы болып, ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, елдің көркейіп гүлденуіне үлес қосып келеді. Қоғамға пайдалы көптеген бастамалар мен тындырымды істердің басы-қасында болып келеміз. Аудандағы әр азаматтың мәселесін тыңдау, шешу – басты міндетіміз. Кент және елді-мекен тұрғындарымен жүйелі түрде кездесіп, ұдайы қоғам­дық қабылдау ұйымдастырып отырамыз. Тамыры терең тарихымыз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз, тіліміз бен салт-дәстүріміз – Тәуелсіз Қазақстанның барша азаматтарының мұрасы. Осы мұраны біртұтас елдің ортақ мүддесіне жұмсау – партияның басты міндеті. Әсіресе қарапайым халықпен жеке қабылдау өткізіп, келелі мәселелерді кеңінен қозғап, шешу жолдарын қарастырамыз. Мұнда партия халықты ашық форматта қабылдайды және бірінші кезекте тұрғындардың өтініші мен құқықтары басты назарға алынады.
Сондықтан арнайы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, арыз-шағымы, өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Әрбір қабылдаулар мен іс шаралар әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланып, ақпараты салынуда.
– Өткен жылы ауданымызда партия тарапынан ауқымды іс-шаралар атқарылды. Соған тоқтала кетсеңіз?
– «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиа­лы құрамында 3747 партия мүшесі, 20 бастауыш пар­тия ұйымы бар. Есепті мерзімде бастауыш партия ұйымдарында 117 іс-шара ұйымдастырылса, оның 56-сы дәстүрлі бастауыш партия ұйымдарында өтті. Партия қатарына 95 адам қабылданды. Партиядан сайланған 11 депутат өз жұмыстарын белсенді жүргізуде. Аудан­дық мәслихатта депутаттық фракциясының 9 отырысы өткізіліп, 19 мәселе қаралып, 48 ұсыныс берілді. Одан бөлек, «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру әрі ауылдық елді мекендерді қамтамасыз етуді қолға алдық. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Халыққа көмек», «Таза Like», «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» партиялық жобалары бойынша, «Мектепке жол» акциялары аясында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Айталық, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауданымыздың өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосқан тыл және еңбек ардагерлері ардақталды. Одан бөлек, «Бақытты отбасы» жобасы аясында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ауданымыздағы көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі жандар және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек берілді. Балалар күні мерекесі қарсаңында балаларды қуанту мақсатында Төменарық, Жайылма, кенттегі “Алпамыс” балабақшаларына арнайы барып, сый-сыяпат табыстадық. Одан бөлек, «ТazaLike» сенбілік шарасын бір ізге келтіруді ойлап отырмыз. Былтырғы жылы Жаңақорған кенті, Шалқия кенті және барлық ауылдық округтерде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жобаның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру, экологиялық проблемаларды тиімді шешу жолдарын қалыптастыру.
Партия әрқашан халықтың мұң-мұқтажын тыңдап келеді. «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында қайырымдылық акциясы әркез ұйымдастырылып тұрады. Аталған акция аясында ауданымыздағы көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтыған отбасылар қамтылып отырады.
– Осы жобалардың аясында «ТazaLike» жобасының тұрғындарға ерекше әсер қалдырғаны белгілі. Бұл жоба биыл да жалғасын таба ма?
– «ТazaLike» жобасы – көршілердің ауызбіршілігін, туған өлкені аялауды насихаттайтын бастама. Міне, осы мақсатта «АMANAT» партиясы аудандық филиалы көршілер арасында ел-жұртпен жарасымды сыйластықты арттыруда «ТazaLike» жобасын ұйымдастырды. Атаулы байқауға 10 көше ұсыныс білдірді. Шара соңында жеңімпаз көшелерге ерекше сый-сияпат көрсетілді. Биыл «ТazaLike» сенбілік шарасын бір ізге келтіруді ойлап отырмыз. Былтыр Жаңақорған кенті, Шалқия кенті және барлық ауылдық округтерде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жобаның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру, экологиялық проблемаларды тиімді шешу жолдарын қалыптастыру.
– Арман Әбілпейісұлы еліміздегі саяси реформалар мен партияның жаңғыруы жолындағы бағыттарына көзқарасыңыз қандай?
– Ұдайы халықтың ортасынан табылып, сенімін ақтауға тырысқан «АMANAT» партиясы нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді. Елімізді әлемнің ең қуатты 50 елінің қатарына қосу – партияның болашаққа бағыт сілтейтін темірқазығы. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауында еліміздегі демократиялық қағидалардың іске асырылуында саяси реформаларға мән берілді. Осы арқылы Жаңа Қазақстанның негізі қалыптасады деп есептеймін. Мемлекет басшысының партия төрағалығын тапсыруының өзі саяси партиялардың дамуында теңдікті қалыптастырады. Ал, партияны жаңғырту үрдісінде сайлау жүйесіндегі ерекшеліктер өзге саяси партиялардың дамуына септігін тигізеді. Сондықтан саяси жүйенің түбегейлі өзгеріске ұшырауы қоғамдағы саяси тұрақтылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
– Міне, көктемнің алғашқы күндеріне қадам бастық. Алдағы уақытта, қандай игі істерді атқарсақ деген ниетіңіз бар?
– Қашанда жақсылыққа сенетін, үміт ететін халықпыз ғой. Өткен жылы қандай істерді атқарсақ, биыл да елдің игілігіне жарайтын жобаларды жоспарлап жатырмыз. Ең алды­мен БПҰ-ның жұмыстарын күшейту мақсатында жұмыстар атқарудамыз. Алдағы айларда БПҰ төрағаларының есебі тыңдалады. «АMANAT» партиясының 2023-2027 жылдар­ға арналған Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері мен бөлім басшылары бірлесе жұмыс атқаруына бақылау жасайтын боламыз. Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап «Қарызсыз қоғам» жоба­сы аясында облыс көлемінде оқу-семинарлары өткізіліп жатыр. Жыл соңына дейін ауданымызда 950 адам осы оқу-семинарына қатыстырылады деген жоспарымыз бар. Наурыз мейрамы қарсаңында «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін біршама шаралар өткізу де жоспарымызда бар. Осы сынды біршама жобаларды ой елегінен өткізіп, нақты жұмыстарға кірісіп жатырмыз. Барлығы халықтың игілігі үшін.
– Арман Әбілпейісұлы, алдағы уақытта сәттілік жол­дасыңыз болсын. Халық игілігіне жұмыс жасайтын халық қалаулысы бола беруіңізге тілектеспіз.
Сұхбатыңызға рахмет!

Әсел РЗАЕВА

16 наурыз 2024 ж. 275 0