Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Амансыз ба, ағайын?

Амансыз ба, ағайын?


Наурыз айының әр күні мереке, әр күні қуаныш пен сүйіншіге толы. Алғыс айтудан басталған шуақты күндердің тізбегінде Көрісу күні де дәстүрге енгелі қашан! Бұл күн қыстан аман-есен шыққан ағайынның бір-біріне құшақ жайып, құттықтауымен қауыштырады. «Бір жасыңмен» деп бауырына басқан қазақтың дархан пейілі, ізгі ниеті осыдан көрінеді. Амал күнін Наурыздың алғашқы хабаршысы деп те атайды. Өйткені осы күннен бастап Ұлыс күнін тойлау, жаңа жылды қарсы алу жалғасады. Жаңақорғандықтар да дәстүрлі күнді тойлауды бастады. Кенттегі «Шаңырақ» демалыс орнында қазыналы қариялардың, аға буын мен оқушылардың басын қосқан, салт-дәстүрден сыр шерткен, керемет іс-шара болды.


Жалпы көрісу – иісі қазаққа ортақ мейрам. Абай атамыздың бір ғана өлең жолынан осы сөзімізге дәлел келтіре аламыз.
– Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып...
«Көрісіп, құшақтасып» – деп қазіргі көрісуді айтып отыр. Абайдан сәл әрірек заманда, қазақ арасына ағылшын суретшісі Джон Кэстль келіп, осы көрісу рәсімін қағазға түсіріпті. Адамдардың қол жайып, құшағын ашып, көрісіп жатқан сәтін көресіз, әлгінің картинасынан. Көрісу мей­рамының тарихын іздесек, бұл мерекені адам баласы – Ұлы Дала төскейіне тұрақтай бастаған сәттен-ақ тойлаған секілді. Өйткені бетіне 5 мың жыл бұрын шимай түскен петроглифтік тастарда осы мерекенің символдары көп кезігеді. Екі адам бір-бірімен қауышып, көріскелі жатқан сұлбалар көп әлгі тастарда...
Алдымен ақсақалдар мен ақ жаулықты әже­лер амандасып, төс қағыстырып, жылы жүз­десті. Жайылған дастарқаннан дәм ауыз тиіп, сахна алаңына беттеді. Қос елдің құда болуға ниет білдіріп, қыз айттыра келген көріністен басталған мерекелік шарада аудан тұрғындарын аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Көктемнің жылы лебімен келген бүгінгі Көрісу күнімен баршаңызды шын жүректен құт­тықтаймын! Татулықтың, сыйластықтың белгісі 14 наурыз «Амал» немесе «Көрісу» күні – қа­зақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәс­тү­рі. Бұл – елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам. Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрі­ніс. Өйткені көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Ай бойы үзілмей жылға ұласатын бұл мерекеде үлкен-кіші ағайын сәлем берісіп, бір-біріне ренжіскен адамдар болса міндетті түрде кешірім сұрап, өкпе ренішін ұмытып, амандық-саулық сұрасып тұрады. Тағы да мереке құтты болсын! – деп Бектас Нуридинов ыстық ықыласын білдірді.
Ауданның өнер ұжымы әуезді әндерден шашу шашып, көрермендерге тарту етті.
– Бұл күнді мереке деп емес, сыйластық, ізеттілік, өскелең ұрпаққа өнеге қалдыру деп қараймыз. Алғыс айтып, нәзік жандыларды құттықтап, енді нағыз қазақы дәстүрді жаң­ғыртатын күн келді. Әр қазақтың үйінде тек осындай сүйіншілейтін күн көп болсын, – деп ел ағасы Ізәтілла Нәрзілдаев лебізін білдірді.
Наурыз мейрамының беташары – көрісуді жатсынуға болмайтынын білдік. Ендеше, ұлт­тығымызды дәріптейтін, қазақ үшін ең керекті осы мейрамның кең етек жаюына әркім ат­салысуы керек-ақ. Көрісу күні, амал мерекесі құтты болсын!

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
16 наурыз 2024 ж. 242 0