№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әскердегі көрісу күні

Әскердегі көрісу күні


Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде наурыз мейрамы қарсаңында жеке құрам бір-бірін Көрісу күнімен құттықтады.
Аталған іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді. Көрісу күні - көптен күткен Наурыз мейрамын тойлаудың бастамасы. Ежелден бері Қазақстан халқы жаңа жыл 14 наурызда басталады деп есептеген. Таң атысымен әскери бөлімге келген әскери қызметшілер салт бойынша бір-бірімен сәлемдесіп, төс қағысып жылы тілектерін білдірді. Ескі реніштерін ұмытып, татуласуға тырысты. Көрісу күні соңғы жылдары еліміздің барлық аумағында аталып келеді.Бұл күні ашулар кешіріліп, жанжалдар ұмытылады.
  • Көрісу күнінің ең бастысы және маңыздысы: ата-баба дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеу, оларды сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу. Достық пен сүйіспеншілікті бейнелейтін мереке - көктемгі күн мен түннің теңелуін ғана емес, сонымен қатар табиғаттың жаңаруының жарқын бейнесін көрсетеді, - дейді әскери бөлім командиірінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Арслан Әбиев.
Қазақ әскерінің әскери қызметшілері - өз жерінің ұландары және барлық азаматтар сияқты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жанашырлары. 
Қызылорда гарнизоны бөлімдерінде Наурыз мейрамы қарсаңындағы салт-дәстүрге сай өтетін мерекелер жыл сайын қарқын алып келеді.

Мұхит Қонаров
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант 
15 наурыз 2021 ж. 673 0