№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білім бәсекесінде оза шапқан Қызылордалық оқушылар

Білім бәсекесінде оза шапқан Қызылордалық оқушылар


«Білегіңе сенбе, біліміңе сен», - дейді дана қазақ. Рас, бұл заман білектің емес, білімнің күшімен бәсекеге шығатын заман. Бұл тұрғыда қызылордалық жас өрендер де білім бәсекесінен дес берер емес. Мәселен, ақпан айында Тараз қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар сайысында қызылордалық 37 оқушы бақ сынады. Нәтижесінде, 13 оқушы жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алды. Олар бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өз жобалары туралы баяндап, жетістіктері туралы сөз етті.
– Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы жыл сайын өткізіліп тұрады. Биылғы оқу жылында конкурсқа жалпы саны 1 542 оқушы тіркелді. Солардың ішіне 499 оқушы облыстық кезеңге жолдама алып, оның 184-і жүлделі орынға ие болды. Ал, республикалық қорытынды кезеңге 37 оқушы қатысты. Республикалық кезеңде ел экономикасын көтеруге, жергілікті жердің жағдайын жақсартуға және ғылымға қосатын үлесі бар, сараптамадан өткен ғылыми жобалар іріктелді. Жарысқа қатысқан оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын қорғап, нәтижесінде 13 оқушымыз жүлдегер атанды. Оның ішінде 9 оқушы бірінші орынды иеленсе, 2 оқушы екінші орынды, екі оқушы үшінші орынға ие болды, - деді «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Гүлжахан Ізбасарова.
– Менің жобамның тақырыбы – өрт сөндіргіш роботтың көмегімен өрт сөндіру тиімділігін арттыру. Жобаға тақырып іздеу барысында тек өңірімізде ғана емес, еліміздегі ең басты және ауқымды мәселелерді зерттедім. Зерттей келе адам өміріне аса қауіпті мамандықтың бірі – өрт сөндіруші екенін түсіндім. Жобаны дамыту барысында «Arduino Uno» микросхемасында жұмыс жасайтын робот прототипін жасауды көздедім. Бұл құрылғыны жасауға жеті ай уақыт кетті. Осы уақыт аралығында қаладағы №1 өрт сөндіру мекемесінің бастығынан арнайы сұхбат алып, қажетті мәліметтерді анықтап, роботқа аудио мен «Еsp camera» модульін енгіздім. Тиісінше, камера арқылы өрт шарпыған аумақтың қауіпті жерін дәл анықтауға болады, - деді оқушы Шайхы Ғафур.
– Мен бұл ғылыми жобаға биология пәні бойынша қатыстым. Таңдаған тақырыбым – механикалық қасиеттерді өзгертетін жақ сүйегі қозғалыс биомеханикасы әдістерінің маңыздылығы. Қазіргі таңда жас жеткіншектердің арасында белең алған мәселенің бірі – тістің қисық өсуі болып отыр. Болашақ тіс дәрігері ретінде бұл тақырып маған қызық болды. Зерттеу барысында тіс дәрігерлерінен қажетті мәлімет алдым. Нәтижесінде, «Кокосты био-гель» өнімі мен арнайы шөптерден жасалған биоөнім «Тіс биобремеханика» спрейін жасап шығардым. Бұл өнім жақ пен тістің қисықтығын ретке келтіріп, тісті маржандай жылтыр етеді. Осы жобамды жасау арқылы «Шәкәрім» университетінің грантын жеңіп алдым, - деді оқушы Саяжан Шералиева.
11 наурыз 2024 ж. 148 0