№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қызылордада республикалық жас музыканттар фестивалі өтті

Қызылордада республикалық жас музыканттар фестивалі өтті


Қызылордада балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті.

Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде өткен фестиваль-байқауға аймақтағы музыкалық және өнер мектептерінен 135 оқушы қатысты.
Музыкалық дарынды білім алушылар ұжымдарын қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыруды мақсат тұтқан фестиваль-байқауда оқушылар 7 номинация бойынша бақ сынасты.
Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша І орынды 20 оқушы, ІІ орынды 20 оқушы, ІІІ орынды 18 оқушы иеленіп, 19 оқушы «Сахналық шеберлігі үшін», «Жарық жұлдыз», «Өнерді сүйгені үшін», «Әртістігі үшін» секілді арнайы номинацияларымен марапатталып, құлаққап, бумбокс, смарт сағаттар табысталды. Сондай-ақ, әр номинация бойынша жеңімпаз атанған 22 оқушыға республикалық кезеңге жолдама берілді.
18 ақпан 2022 ж. 754 0