№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ




АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Шәменова Балжан Мөрәліқызының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директоры Ембергенова Мағрипа Хамитқызының төрағалық етуімен Қызылорда облысы бойынша Ана және сәби өлімін төмендетуге арналған штаб отырысы өтті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитұлы, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Байменова Ғалия Абсадыққызы, ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облыстық филиалының басшысы Налибаева Сауле Маделханқызы қатысқан штаб отырысында алдымен алғы сөзді Балжан Мөрәліқызы алып, сөз кезегін ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директоры Мағрипа Хамитқызына берді. Одан соң ҚР ДСМ Ана денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Халыкова Шакизат Жаксынбетқызы «Республикада 2021 жылдың қорытындысы және 2022 жылдың 1 тоқсанының нәтижесімен ана өлімі бойынша ағымдағы жағдайды» баяндаса, «Қызылорда облысы бойынша босандыру саласында өзекті мәселелер және оның шешу жолдарын» «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мирзахметова Динара Досалықызы, «Республикада және Қызылорда облысы бойынша сәби шетінеуі жағдайлары» - «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау» және «Патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі» бойынша Республикалық координатор – Н.Г.Ким, «Қызылорда облысы бойынша медициналық көмек көрсету сапасының бағалауда арнайы мониторингтік топ жұмысының анықтамасын» «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық Университетінің» акушерия-гинекология кафедрасының басшысы Шиканова Светлана Юрьевна (ZOOM) айтып өтті.
Жиын әрі қарай сұрақтар мен талдауларға жалғасты.
Жалпы облыс бойынша акушер-гинекологпен - 93%, анестезиолог-реаниматологпен – 70,0%, неонатологтармен – 90,3% қамтылған. 2022 жылы 20 маман оқуын аяқтап, жұмысқа қабылдануы жоспарланып отыр. Оның ішінде анестезиолог-реаниматолог – 7, акушер-гинеколог – 4, неонатолог – 1.
28.03-02.04.2022 жаралығында «UMC» КҚ базасында туа біткен аномалиялардың скринингтік зерттеуін жетілдіру мақсатында «Ерте пренаталды скринингтегі заманауи әдістер» тақырыбында 5 УДЗ мамандарыбілімін жетілдірді, алдағы уақытта жоспар бойынша мамандар жолданатын болады.
Облыстық перинаталды орталықта нәрестелер жансақтау бөлімшесіндегі реанимациялық керуеттер ауданы қайта қарастырылды.
Сонымен қатар, нәрестелер-жансақтау бөліміне 4 теонды ауа залалсыздандырғыш, 15 инфузомат алынды. Орта буын қызметкерлерінің нормативті штаты қайта қаралып, 1 мейірбике:2 науқас (1/2) арақатынасы бекітіліп, тәуліктік ем-шара мейірбике посты ашылды. Босану бөлімінде және оперблокта кіндікбау кесу алдында «30 секунд дауыстап санау» әдісі жандандырылды.
31.03.2022 ж. жүкті әйелдер мен нәрестелерге және 5 жасқа дейінгі балаларға арналған патронаждық әмбебап-прогрессивті моделі бойынша патронаждық қызмет жұмысын жандандыру мақсатында жауапты облыстық координатор бекітілді және супервизия жүргізу үшін 3 топ құрылып, облыстағы емдеу мекемелеріне жоспар бойынша мониторинг жүргізілетін болады.
Шала туылған және қауіпті топтағы балаларға мониторинг жүргізу көпбейінді облыстық балалар ауруханасында катанамнестикалық кабинет арқылы жүзеге асырылуда.
06 сәуір 2022 ж. 329 0