№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордалық дәрігерлер ана мен бала өлімін тоқтата ала ма?

Қызылордалық дәрігерлер ана мен бала өлімін тоқтата ала ма?


Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыстық денсаулық сақтау басқармасында ана мен бала өлімін төмендету мақсатында штаб отырысы өтті.


Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов, ҚР Денсаулық сақтау минситрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалия Байменова, министрліктің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» Қызылорда облыстық филиалының директоры Сәуле Нәлібаева және барлық медицина ұйымдарының бас дәрігерлері қатысты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов орын алған жағдайлардың себептеріне тоқталып, медициналық ұйымдарда атқарылған іс-шараларды талқылап, алдағы уақытта ана өлімінің алдын-алуға бағытталған шешімдер қабылданатынын айтты.

Облыстық перинаталдық орталықта орын алған ана өлімі жағдайына байланысты сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Сараптама қорытындысының әділ өтуін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов өз бақылауына алып, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Сондай-ақ, жиын соңында облыс әкімінің орынбасары ана өлімі жағдайында олқылыққа жол берген бас дәрігер мен оның қызметкерлеріне тәртіптік шара көрілуiн, оқиғаға байланысты комиссия тобы құрылатынын жеткiздi.


21 қыркүйек 2022 ж. 465 0