Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сәтті өткен семинар

Сәтті өткен семинар



Білім – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кілт. Жаһандану заманында біздің мемлекеттің өзара бәсекелестігі мен ықпалдастығы арттыра отырып, ең бірінші кезекте, адамның «ақыл ойына», оның біліміне көп күш салынатыны белгілі. Бүгінгідей жылдам қарқынмен дамып, шапшаң құбылып, тез өзгеріп отырған уақытта жер бетіндегі адам баласының да өмір бақи оқып-үйренуге тиістігін қажет етеді.
Сол себепті де, білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Болашақ мамандардың сауатты, білімді болуы білім ошақтарындағы дұрыс оқытудың нәтижесіне байланысты. Білім жүйесіне бейжай қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі оқушы – ертеңгі маман. Сол себептен де, бүгінгі маманға үлкен мән беріледі. Өйткені, мұғалім өскелең ұрпақтың дамуына өз үлесін қосуға қабілетті болуы тиіс.
Осы ретте ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Заманауи мектепті басқару: трендтер және келешек» атты республикалық мемлекеттік мектеп директорларының семинары өтті. Іс-шараға Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының орта білім беру ұйымдарының жеті жүзден астам басшылары қатысты.
Семинар барысында қоғамдағы көкейтесі мәселелерге байланысты білім берудің өзекті мәселелері мен озық тәжірибені таратуға арналған білім саласына қатысты түйткілді мәселелер шешімі сөз етілді.
Сондай-ақ, еліміздің бас ұстазы Бейсембаев Ғани Бектайұлы жоғарыда айтылған құндылықтарды зерделей отырып, басшылармен білім беру сапасын арттыру бағытында өзара пікірлесіп, ой тұжырымдарын ортаға салып, мемлекет тарапынан атқарылып жатқан міндеттер мен шаралардың маңыздылығы туралы айтып,балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жайлы орта құру, тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру, инклюзивті білім беру сынды білім беру жүйесін дамытудың жан-жақты тетіктерін қарастырып, білім беру ұйымдарына міндеттелетін жұмыстың әлі де еселене түсетінін тілге тиек етті.
Мерейі мен сәні келген семинарда мектеп басшысының жауапкершілігі мен атқарар ауқымды жұмыстарының арта түсетіндігі және білім саласындағы болып жатқан түрлі келеңсіз жағдайларда, білім беру ұйымы басшысы дұрыс шешім қабылдау керектігін және өзекті мәселелерде тікелей қолдау көрсететіндігін жеткізгені ұстаздар қауымын жігерлендіріп қойғаны көздеріндегі отты ұщқыннан анық байқалды. Білім саласының қызметкерлерінің жігеріге жігер қосқан республикалық семинар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын әрі ҚР Оқу-ағарту Министрлігі өкілдігіне және семинар барысында тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік берген Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысы Аскарбек Темірбекұлына шексіз ризашылығымызды білдіреміз!
"Дүниенің кілті – білімде". Рас, білім-ғылым дамыған кезде ғана адамзатқа дүниенің сыры ашылады. Ал, дүниенің сырын білетін адам ғана әлемнің барша игіліктеріне иелік жасайды. Алдағы уақытта ұстаздарымыз бен білім алушыларымыз биік белестерді бағындырып, білім бәсекесінде беделі биік, алда бағындырар белестері көп болсын деп тілеймін!
28 ақпан 2024 ж. 237 0