Соңғы жаңалықтар

Құрметті облыс тұрғындары!

28 қыркүйек 2026 ж. 53

№73 (8986) 26

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 163 оқушы ХІХ "Зерде" республикалық конкурсының жеңімпазы атанды

163 оқушы ХІХ "Зерде" республикалық конкурсының жеңімпазы атанды

«Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша конкурсы қорытындыланды.
 Конкурста математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; информатика, робототехника, STEM инженерия секциялары бойынша зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар бағаланды.
 Конкурстың қорытынды кезеңіне республиканың барлық өңірінен 275 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен 163 қатысушы жүлделі орындармен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі диплом – 41, ІІ дәрежелі диплом – 57, ІІІ дәрежелі диплом – 65, сондай-ақ ерекше жетістіктері үшін берілген грамота – 80.
 Естеріңізге салсақ, «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты биылғы жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында 369 оқушы арасында өтіп, онда 209 қатысушы жүлделі орындармен марапатталған.
26 ақпан 2024 ж. 365 0