№28 (8842) 19

19 сәуір 2025 ж.

№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

№26 (8840) 12

12 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әр аймақта балаларды психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері ашылады

Әр аймақта балаларды психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері ашылады

Әр аймақта балаларды психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері ашылады Қазіргі уақытта Өңірлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту және трансформациялау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Әр аймақта балаларды психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері ашылады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері еліміз үшін балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін атап көрсетті. Қазіргі уақытта Өңірлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту және трансформациялау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бүгінде Астана және Алматы қалаларында, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында 9 психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері жұмыс істейді. Бұл бастама барлық ел аумағында жалғасын табатын болады. Аталған іс-шаралар кешені өңірлерде психологиялық қолдау қызметтерін институционалды күшейтуге бағытталған. Ол өз кезегінде Қазақстанда балалардың психологиялық қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.  
25 ақпан 2024 ж. 217 0