Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Фортификацияланған ұнның пайдасы»

«Фортификацияланған ұнның пайдасы»

Фортификация - ол ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды (премикс деп аталатын витаминді - минералды кешен) қосу процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Барлығымыз білетіндей, бидай әлемдегі кең таралған астық дақылы болып табылады, адамдар оның көп үлесін тұтынады.
Бидайдың табиғи құрамы В1 (тиамин), В 2 (рибофлавин), В6 (пиридоксин), Е дәрумендеріне, ниацинге, сонымен қатар, темір мен мырышқа бай. Алайда, осы қоректік заттар бидайдың сыртқы қабығында жинақталғандықтан, ұнды тарту кезінде олар өз құрамын жоғалтып алады. Бұл ретте ұнды фортификациялаудың көп көмегі тиеді. Бұлардың қайта қалпына келтірудің бірден-бір жолы - ұнды дәрумендермен және микроэлементтермен байыту. Фортификация процесі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады. Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды. Фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі алты ай. Сонымен бірге, ұн тез өткізілетін өнім болғандықтан, кәсіпорындарда ұнның нақты сақтау мерзімі жиірек 3-6 аймен шектеліп, 6 айдан аспайды.
Адамның денсаулығына қауіпі бар проблемалардың бірі- ол ас үлесіндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі «Анемияға» әкеп соғады. Гемоглобин нормасы қалыпқа келу үшін байытылған ұн мен нанды бір, екі жыл тұрақты қолдану қажет.
Темір мен фолий қышқылы жетіс-пеушілігі салдарынан ересек адамдарға келетін салдар:
  • Анемиясы бар әйелдер аз салмақтағы балаларды 30-40 пайыз жиірек босанады;
  • Барлық жүрек-қан тамыр, иммундық, эндокриндік, жүйке және басқа ағза мен жүйелер функциялары бұзылады;
  • Шала тууға, күтпеген түсік пен өлі тууға, нәрестенің дамуындағы туа біткен ақаулығы: бас миының жоқтығы, ми жарығының, омыртқаның бөлшектенуі;
  • Туберкулезбен қоса, созылмалы жұқпалы аурулардың ұзақ және қатты ауруы барысына икемделуіне әкеп соғады.
  • Ал, балаларда: дене бітімі дамуындағы жетілмеуі.
Әлсіреген иммунитет, індет пен зиянды экологиялық факторларға тұрақтылықтың нашарлауына әкеледі.
«Ауырып ем іздегенше - ауырмайтын жол ізде!» - демекші фортификацияланған ұнды күнделікті тұтынуды үрдіске айналдыруға мән беруіміз қажет.

Г.Мамбетова
Жаңақорған аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы
12 ақпан 2024 ж. 224 0