№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнеркәсіп пен кәсіпкерлік көкжиегі

Өнеркәсіп пен кәсіпкерлік көкжиегі


2023 жылы әлеуметтік-экономикалық өсім бойынша Жаңақорған ауданы жақсы нәтиже көрсетті. Әрбір салада серпін, даму байқалды. Әлеуметтік сала болсын, инвестиция, инфрақұрылым, әсіресе кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, үздік көрсеткіш көрсеттік. Биыл да осы бағытта атқарылар шаруа шаш етектен. Бұл жөнінде облыс орталығында БАҚ өкілдеріне брифинг берген аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов толықтай түсіндіріп, былтырғы мен биылды бағдарлап берді. Аудан басшысының брифингтегі баяндамасы мен болашақтағы жоспарын жүйелеп көрдік.


Макроэкономикалық көрсеткіштер бой­ын­ша өсім қамтамасыз етілген ауданның өнер­кәсіп өнімдерін өндіруде ілкімді істер бар. 2023 жылы өнім көлемі 140 млрд теңге болып, 2022 жылмен салыстырғанда 124,2 пайызға жеткен. Өңдеу өнеркәсібі өткен жылы 92,8 млрд теңгені құрап, салыстырмалы кезеңмен 140,6 пайызға орындалды.
2024 жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6985 бірлікті құрады. Аудан бойынша өткен жылы барлық қаржы көздерінен 315 жобаға 4 млрд 501,1 млн теңге несие, 164 жобаға 229 млн теңгенің мемлекеттік гранты жеңіп алынды. Қызылорда «Өңір­лік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы құны 372,1 млн теңге бола­тын 51 жоба несиемен қаржыландырыл­ған. Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы құны 842,4 млн теңгені құрайтын 80 жоба, 2,5%-пен құны 290,6 млн теңге болатын 63 жоба несиемен қаржыландырылды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіп­керлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөл­шерлемені субсидиялау арқылы құны 2461 млн теңге болатын 47 жоба несиемен қаржыландырылса, инновациялық жобаға мемлекеттік гранттар беруге байланысты құны 5 миллион теңгені құрайтын 1 жоба грантты жеңіп алды. «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 23 жобаға 316,2 млн теңге несие берілді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 535 млн теңге болатын 74 жоба несиелендірілді.
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде «Мансап» орталығына 6800 азамат хабар­ласса, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардан 5487 адам жұмысқа орналастырылған. 2024 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар саны 1549 адамды құрып, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз болды. «Бастау-бизнес» жобасына оқуға жолданғандар 899-ды құраса, «Күміс жас» жобасына қатысқандар саны 79-ға жеткен. 2023 жылы 3370 жаңа жұмыс орны құрылды.

Әли ТЕМІРБЕК
07 ақпан 2024 ж. 278 0