Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудандағы азық-түлік бағасы қандай?

Аудандағы азық-түлік бағасы қандай?


Үкімет осы жылы әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тізімінен 9 тауарға шекті баға белгіленбейтінін айтты. Нақтырақ айтсақ, тұз, ұн, макарон, қарақұмық, күріш, нан, сүт, картоп пен тауық жұмыртқасын тізімнен алып тастамақ. Яғни, енді бұл азық-түлік түрлеріне шекті баға белгіленбейді. Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің хабарлауынша, баға мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту жөніндегі Жол картасына сәйкес шекті баға енгізілмеді. Өйткені жергілікті нарықты отандық өндіріс 100 пайыз қамтып отырған көрінеді. Сөз басында айтқанымыздай әлеуметтік маңызы бар 19 азық түліктің 17-сі өзімізде өндірілуде.


Қазір қымбатшылықтың қысымы күн сайын үдеп барады. Құбылған бағаны тоқтату былай тұрсын, бір қалыпта ұстап қалудың өзі қиынға соғуда. Күнделікті жейтін нанымыздан бастап, азық-түлік, баспана, тауар, қызмет түрлері, бәрінің бағасы күннен күнге қосылып, көптің наразылығын тудыра түскен тәрізді. Жасыратыны жоқ, бүгінде екі адамның басы қосылса, қымбатшылық мәселесі сөз болады. Бағаны еркіне жіберудің, тәртіп пен қадағалау жоқтықтың салдары бәрі.

– Міне, 5 литр сұйық майды 4200 теңгеге, бір дана жұмыртқаны 60 теңгеге алып тұрмын. Мына немерем тәтті жегісі келгесін, бір түйір кәмпитті 300 теңгеге алдым. Осыдан бір жыл бұрын 150-180 теңгеге алушы едік. Не деген сұмдық, барлығы қымбаттап кеткен. Мына бір жапырақ нанның бағасы 180 теңге. Бір жанға бір күнге бір нан жетпейді. Өйткені бір күлшені екі сындырасың болды. Осыдан-ақ бағаның өскенін анық байқауға болады. Рас мұғалімдердің айлығы өскенімен, көп салада айтарлықтай жалақыда өсім байқалмайды. Сондықтан жеке кәсіп иелері халықтың да жағдайын ойлағаны дұрыс, – деп ойын ашық айтты.

Жәмила ЕРМАХАН

30 қаңтар 2024 ж. 255 0