№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қызылорда: Тұрақтандыру қорында 1393 тонна өнім бар

Қызылорда: Тұрақтандыру қорында 1393 тонна өнім бар


Өткен аптада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және жанар-жағармай бағаларын саралау үшін бірқатар сауда үйлері мен жанармай құю бекеттерін аралаған еді. Басты мәселе – азық-түлік қорында жетіспеушілікті болдырмау және негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын шекті мәннен асырмау. Бұл ретте бүгін облыс әкімі азық-түлік және жанар-жағармай мәселелері бойынша жиын өткізді.


Отырысқа облыс әкімі аппаратының басшысы Ерлан Райғаниев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Нұрланбаев және департамент басшылары қатысты.
Басқарма басшысы Талғат Дүйсебаев азық-түлік қорына қатысты нақты шаралардың орындалу барысын тізбеледі.
Бүгінде 34 әлеуметтік дүкен мен 18 супермаркеттің әлеуметтік бұрыштарында 19 түрлі өнім шекті бағада сатылады. Сондай-ақ, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты өңірдегі сауда желілерінде азық-түлік тапшылығын болдырмау мақсатында Түркістан облысынан азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын 122 жеке кәсіпкердің тізімі жасалды.
Тұрақтандыру қорында 291,4 млн.теңгені құрайтын 1393 тоннаның өнімі бар. Оның ішінде бірінші сұрыпты бидай ұны, қарақұмық жармасы, күріш, макарон, күнбағыс майы, қант және көкөніс өнімдері секілді 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жиналған. Мұнан бөлек, «Байқоңыр» ӘКК» арқылы «айналым схемасы» бойынша бағаны тұрақтандыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруге 500 млн.теңгеге келісім- шарт жасалуда.
Ал, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» басқарма төрағасы Ерлан Нұрланбаев қырыққабат пен картоп бағасында өсімнің барын айтып, Тұрақтандыру қорының өнімдерімен жәрмеңке ұйымдастыру арқылы бағаны ұстап тұру туралы ұсынысын жеткізді.
Жиында өңірдегі жанар-жағармай қоры туралы да сөз болды. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов облыс аумағындағы мұнай өнімдерінің саудалануы туралы баяндады. Бүгінде бағаның шекті мәннен аспауына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Аймақта 147 жанармай құю бекеті бар. АИ-92 маркалы бензинінің 4 574,1 тонна, дизель отынының 3 339,6 тонна қоры сақтаулы.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі азық-түлік пен көрсетілетін қызметтерге қатысты баға мониторингін әлі де күшейтуді тапсырды.
21 қаңтар 2022 ж. 388 0