№39 (8750) 18

18 мамыр 2024 ж.

№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сириряда соғысқан Түркістандық ұсталды

Сириряда соғысқан Түркістандық ұсталды

27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 22 жастағы қазақстандық Ыстамбұлда ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді

Күдікті Алматыға айдауылмен депортацияланды.
Ақпарат бойынша, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кеткен. Онда жас жігіт қарулы топтардың біріне кірген.
Қазақстандықты отанына әкелу үшін ҰҚК түркиялық әріптестерімен бірлесіп, жұмыс істеді. Сондай-ақ Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі қолдау көрсеткен.

«Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 257-бабы («Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу») бойынша іс қозғалды. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,
- деп жазылған хабарламада.

29 қаңтар 2024 ж. 59 0