№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС туралы өзекті сұрақтарға жауаптар

МӘМС туралы өзекті сұрақтарға жауаптар

Жұмыс сапарында жүрген кезде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашуға болады ма? Қандай талдауларды тегін тапсыруға болады? Осы және басқа сұрақтарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова жауап береді.

Мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін, сонымен қатар күндізгі бөлімде оқитын студентпін. Жұмыс орнымнан МӘМС төлемдері ұсталады ма?
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар МӘМС жүйесінде жеңілдікті санатқа кіреді және жарналардан босатылады.
Жұмыс берушіге оқу орнынан оқу кезеңі көрсетілген және ай сайынғы растауды қажет етпейтін анықтаманы ұсыну қажет.
МӘМС бойынша тегін тапсыруға болатын талдаулардың толық тізімін қайдан көруге болады? Неліктен кейбір талдаулар МӘМС негізінде тегін тапсырылмайды?
МӘМС және ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізбесімен «Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығын қарау арқылы таныса аласыз.
МӘМС пакетіне кірмейтін медициналық қызметтер пациенттің өз қаражаты есебінен, яғни ақылы негізде жүзеге асырылады.
Мен басқа қалада жұмыс сапарында жүрмін. Мұнда уақытша енбекке жарамсыздық парағын ашуға болады ма?
Уақытша енбекке жарамсыздық парағы тиісті медициналық ұйым басшысының келісімі бойынша беріледі.
Көрсетілген аурухана парағын ұзарту адамның тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда аурухана парағын ашқан медициналық ұйымның ДКК қорытындысы болған кезде жүргізіледі (ҚР ДСМ 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы 28 тармағының негізі).
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда оларды емхананың анықтама қызметіне қоюға немесе жағдайды шешу үшін Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуға болады. Егер сол жерде түсіністікке қол жеткізу мүмкін болмаса, сіз үшін ыңғайлы байланыс арнасы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласуыңыз керек: fms.kz ресми сайты, 1414 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
24 қаңтар 2024 ж. 236 0