№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС туралы өзекті сұрақтарға жауаптар

МӘМС туралы өзекті сұрақтарға жауаптар

Шетелдік жоғары оқу орындарының студенттер МӘМС жүйесінде қалай сақтандырылады, басқа қалада болған кезде уақытша енбекке жарамсыздық парағын ашуға бола ма? Осы және басқа да сұрақтарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жауап берді.

МӘМС бойынша жұмысқа орналасу үшін медициналық тексеруден тегін өтуге бола ма? Емханада ақылы өту керек деп, бас тартты. Қандай негізде?
ҚР ДСМ-ның 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 «Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту» бұйрығына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады, мемлекеттік қызмет көрсету құны медициналық ұйымның прейскурантына сәйкес айқындалады.

Қызым студент (Ресей Федерациясында күндізгі оқу түрі бойынша оқиды), бірақ тұрғылықты жері бойынша емханада тегін медициналық көмек ала алмайды. Неліктен?
Егер сіздің балаңыз Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқитын болса, онда ол шетелде оқитын студент ретінде тіркелуі керек. Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу үшін egov.kz порталында «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тіркелу қажет.
Өтінішті толтыру, оқуды растайтын құжаттарды қоса беру және ЭЦҚ-ға қол қою керек. Әр семестрден кейін сақтандырудың мәртебесін тексеріп, қажет болған жағдайда оны жаңарту қажет.
Егер жұмыспен басқа қалаға келгенде уақытша енбекке жарамсыздық парағын ашуға болады ма?
Бұл құжат тиісті медициналық ұйым басшысының келісімі бойынша беріледі.
Уақытша енбекке жарамсыздық парағын ұзарту науқастың тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда ДКК қорытындысы болған кезде жүргізіледі (ҚР ДСМ 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы 28 тармағының негізі).
06 желтоқсан 2023 ж. 229 0