«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің мөлшері артты

Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің мөлшері артты


«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, әлеуметтік көрсеткіштер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 43407 теңге;
ең төменгі жалақы – 85000 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 57853 теңге
базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28215 теңге мөлшерінде белгіленіп, олардың негізінде әлеуметтік төлемдердің мөлшері қайта қаралды.
Жаңа жылдан бастап, еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 %-ға арттырылды.
Сонымен қатар, жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс мөлшері 55 АЕК-ке (203060 теңге) көбейтілді.
1- қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.
Атап айтқанда, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы (60 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Бұл жаңадан тағайындалған зейнет­керлерге және 01.01.2024 жылға дейін зейнетке шыққандарға да қатысты.
Мүгедектігіне және асыраушы­сынан айрылу жағдайына байла­нысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдем­ақылардың мөлшері ЕТКД (43407 тең­ге) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) және бірінші топ мүге­дектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері ЕТКД (43407 теңге) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды. 01.01.2024 жылдан бастап бұл жәрдемақылардың мөлшері 69886 теңгені құрайды.
01.01.2024 жылдан бастап АЕК-пен есептелетін жәрдемақы төлемде­рі мөлшері оның артуына (3692т) байланысты көбейеді.
Атап айтқанда, бала тууға бай­ланысты біржолғы мемлекеттік жәр­демақы және ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері:
Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда берілетін бір жолғы жәрдем­ақының мөлшері (38-АЕК) 01.01.23ж. 131100 теңгені құраса, 01.01.24 жылдан бастап 140296 теңгені құрайды немесе 9196 теңгеге, ал төрт және одан да көп бала туылғанда (63-АЕК) 217350 теңгеден 232596 теңгеге немесе 15246 теңгеге артты.
Ал, бала біржарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері тууы кезектілігіне байланысты 01.01.24 жылдан бастап бірінші балаға – 21266 теңге, екінші балаға – 25143 теңге, үшінші балаға – 28983 теңге, төртінші және одан да көп бала туылғанда 32859 теңгені құрайды.
Сол сияқты, АЕК (3692т.)мөлшерінің ұлғаюына байланысты бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері де арттырылды.
Бұл жәрдемақылардың мөлшері балалар санына қарай сараланып ұлғайтылады.
Атап айтқанда, 4 баласы бар отба­сыларға 59183 теңге, 5 балаға – 73988 теңге, 6 балаға – 88793 теңге, 7 балаға – 103598 теңге, 8 балаға – 118144 теңге, 9 балаға – 132912 теңге, 10 балаға – 147680 теңге және одан әрі жәрдемақы мөлшері бала санына қарай өзгереді.
Жаңа жылдан бастап «Күміс ал­қамен» марапатталған аналардың ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақысының мөлшері 23629 теңгені, ал, «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 27321 теңгені құрайды.
Жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы тө­лемдерін және мемлекеттік әлеумет­тік жәрдемақыларды алушылар қай­тыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақының мөлшері 129220 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, АЕК (3692тг) мөл­шерінің ұлғаюына байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері арттырылды.
Өткен жылғы желтоқсан айында облыс бойынша 255,4 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушылар­дың (оның ішінде зейнетақы алушылар­дың саны – 78,1 мың адам) төлем мөл­ше­рін қайта есептеу автоматты түрде жүргізілді.
2024 жылдың 1-қаңтардан бастап барлық төлем алушыларға жоғары­да аталған көбейтілген мөлшердегі төлемдер тө­ленуде.

Еңбек және әлеуметтік қорғау
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті
16 қаңтар 2024 ж. 227 0