№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің мөлшеріндегі өзгерістер

Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің мөлшеріндегі өзгерістер


«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге, ең төменгі зейнетақы 53076 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24341 т, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 40567 теңге мөлшерінде белгіленді.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5%- ға алынған мөлшерінен артады.

Жаңадан тағайындалатын жасына байланысты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін кірістің ең жоғары мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 55 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 189750 теңгеден аспауы керек. (55*3450=189750).

Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады, ал №1, №2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік тік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.

Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I-топ – 77889 теңге, II-топ -62068 теңге, III- топ – 42190 теңге. Бұрын бала мүгедектігін 16 жасқа дейін белгілеп 16 жаста науқастығына сәйкес топтарға ауыстырса енді 7 жасқа дейін бала мүгедегі болып 7 жастан бастап топтарға бөлінеді яғни 7 жасқа дейін – 56794 теңге, I-топ – 77889 теңге, II – топ – 64502 теңге, III – топ 48681 теңге болып белгіленді. Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I – топ – 113994 теңге, II-топ – 97361 теңге, III -топ – 81540 теңге. Мүгедек баланың күтіміне - 56794 теңге төленеді.

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 34888 теңге, екі балаға – 60445 теңге, үш балаға – 75049 теңге, төрт балаға – 79512 теңге, бес балаға – 82352 теңге, алты және одан жоғары балаға – 85597 теңге. Тұлдыр жетім бір балаға – 47870 теңге, екі балаға – 95739 теңге, үш балаға – 143608 теңге, төрт балаға - 191477 теңге.

Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін – 131100 теңге, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 217350 теңге. Бір жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға - 19872теңге, екінші балаға – 23495 теңге, үшінші балаға – 27083 теңге, төртінші және  одан да жоғары балаға – 30705 теңге.

Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. 4 баласы бар отбасыларға – 55304 теңге, 5 баласы бар отбасыларға – 69138 теңге, 6 баласы бар отбасыларға – 82973 теңге, 7 баласы бар отбасыларға – 96807 теңге, 8 баласы бар отбасыларға – 110400 теңге, 9 баласы бар отбасыларға – 124200 теңге.

Көп балалы аналарға (Алтын, Күміс алқа, Батыр ана, 1,2 дәрежелі Ана даңқы орден иегерлеріне) – 22080 теңге төленеді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан және еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5 пайызға көбейтілетін болады.

Әлия Аблаева, «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда
облысы бойынша филиалының әлеуметтік
қамсыздандыру жөніндегі бойынша
Жаңақорған аудандық бөлім басшысы
07 желтоқсан 2022 ж. 329 0