№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2024 жыл: жәрдемақы мен зейнетақыдағы өзгерістер

2024 жыл: жәрдемақы мен зейнетақыдағы өзгерістер


Келесі жылдан бастап әлеуметтік сала, оның ішінде жәрдемақы, зейнетақы және өзге де төлемдерге байланысты өзгерістер болатыны белгілі. Яғни, төлем мөлшерлерінде оң өзгерістер болады деп күтілуде. Біз осы жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Жаңақорған аудандық бөлім басшысы Әлия Аблаевамен сұхбаттасып, мән-жайды білдік.


– «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы ҚР-ның Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңы жобасына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ай­лық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3692 теңге, ең төменгі зейнетақы – 57853 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28215 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 43407 теңге мөлшерінде белгіленген екен. Жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептелмек?

– 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 9 пайызға ар­тады. Жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК-ні (203 060 теңге) құрайды. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР-ның Әлеуметтік Кодексінің 205-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді, – деді бөлім басшысы.
Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы (60 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады. Бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі. Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарға да қатысты.
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдем­ақы­лардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына бай­ланысты арттырылады, ал №1, №2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жарым жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.

– Мүмкіндігі шектеулі жандар­дың жәрдемақысында қандай өзгерістер болмақ?
– Бірінші топ – 95496 теңге алса, екінші топ – 76397 теңге, ал үшінші топ – 52089 теңге алмақ. 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 69886 теңге, 7 жастан бастап балалардың мүгедектік топтары белгіленген кезде бірінші топтағы мүгедек балаларға– 95496 теңге, екінші топтағы мүге­дек балаларға – 79435 теңге, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 69886 теңге болып белгіленді. Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I топ – 139771 теңге, II топ – 119370 теңге, III топ – 100271 теңге. Мүгедек баланың күтіміне – 69886 теңге. Сондай-ақ асыраушысынан айырылғандарға байланысты жәрдемақы мөлшері: бір балаға – 3993 теңге, екі балаға – 73792 теңге, үш балаға – 97666 теңге, төрт балаға – 112859 теңге, бес балаға – 119370 теңге, алты және одан жоғары балаға – 130221 теңге. Тұлдыр жетім бір балаға – 66847 теңге, екі балаға – 133694 теңге, үш балаға – 200541 теңге, төрт балаға – 267388 теңге, бес балаға – 334234 теңге, алты балаға – 401081 теңге, жеті балаға – 467928 теңге, сегіз және одан жоғары балаға – 534775 теңге. Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы төрт балаға дейін – 140296 теңге, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 232596 теңге. 1,5 жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға – 21266 теңге, екінші балаға – 25143 теңге, үшінші балаға – 28983 теңге, төртінші және одан да жоғары балаға – 32859 теңге.
– Көп балалы отбасына жәрдемақы төлену жолындағы өзгерістерге тоқталсаңыз.

– Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. 4 баласы бар отбасыларға – 59183теңге, 5 баласы барларға – 73988 теңге, 6 балға – 88793 теңге, 7 балаға – 103598 теңге, 8 балаға – 118144 теңге, 9 балаға – 132912 теңге, 10 балаға – 147680 теңге,11 балаға – 162448 теңге, 12 балаға – 177216 теңге. Сонымен қатар,“ Алтын Алқа” алқасымен, “Батыр ана” атағын алған, I және II дәрежелі “Ана даңқы” орденімен наградталған көп балалы аналарға – 27321 теңге, “Күміс алқа” алған аналардың мемлекеттік жәрдемақысы – 23629 теңгеге артты.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен жә­не асыраушысынан айырылу жағ­дайы бойынша әлеуметтік төлемдер­дің мөлшері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеу­меттік төлемдердің мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы №925 қаулысына сәйкес 2024 жылы 1 қаңтарынан бастап 7 пайыз артады.
– Әңгімеңізге рахмет.

Рауза ӘЗІЛХАН


05 желтоқсан 2023 ж. 911 1

Жанара от 21 желтоқсан 2023 17:54
2024 жылда бұйыртса4 баланы туған анағаүлкен сумма берілеме? сол шындық па әлде жалғанба?