«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Гардеробыңыз 2024 жылғы сән үлгісіне сай ма?

Гардеробыңыз 2024 жылғы сән үлгісіне сай ма?


Жаны сұлулыққа құмар қызғалдақ қыздардың таңы «бүгін не киемін» - деген сұрақпен ататыны рас. Айнадағы көркем бейнені одан әрі көркемдей түсу әр қыздың арманы. Әдемі шаш үлгісі мен жарасымды киім таңдап үйлесімді образ жасай алу да өнер. Күннен күнге түрленіп, мың құбылатын қыз-келіншектердің киім образы, шаш үлгілері мен брендтік түстер де жыл өткен сайын жаңарып отырады.


Трендтегі түстер мен талғам талабы

Білікті сән мамандарының айтуынша осы жылы ақ пен қара, сұр түстер көш бастайды. Изумрудты жасыл түс те трендтегі түске айналмақ. Қызыл немесе алтын түстер де сәннен қалмайды.
Кезекті жыл ауысымында сән әлеміндегі өзгерістер жайлы отандық танымал диззайнер Леонид Жеребцов былай дейді: "Келесі жылы ақ, қара, сұр түсті маталар сәнге айналады. Қысқа көйлектер жаңа маусымда жаңа сән түріне енеді. Жақында Пантон өте нәзік шабдалы түстің сәнге айналатынын айтты. Мен драп маталарды да 2024 жылы сәндік маталар тізіміне енеді деп айта аламын. Сондай-ақ алтын түстес киімдер. Қолға ұстайтын алтын түстес сумкалар, аксессурлар, киімге жабыстырылған алтын түстес жолақтар да келесі жылы сән әлеміне енеді"

Қарапайымдылық пен әсемділік

Әртүрлі жиын-кештердегі немесе күнделікті образыңыздағы әсем бейнеңізді шаш үлгіңіз толықтырып тұратыны сөзсіз. Қарапаймдылық 2024 жылғы шаш үлгісіндегі сәнді тенденция болмақ. Оған өрілген, түйілген, және жинақы шаш үлгілері жатады. Айта кетейік, бұл қарапайым шаш жинау үлгілері үнемі сәнді болып қала бермек.Бұрымыңызды безендірерде киер көйлегіңіз бен бет пішініңізге, шашыңыздың ұзындығына баса мән бергеніңіз абзал.Таңдаған шаш үлгіңіздің әсем макияжыңызбен, әдемі әшекейіңізбен үйлесім табуы да сіздің биік талғамыңызды көрсетеді.

«Адам көркі – шүберек»

Халық айтып жүрген «Иттің өзі киіміңе қарап үретін заман» - ның келгені рас.Қазірде адамның киген киіміне қарап талғамына баға береді. Лайық бағаңызды алу үшін киіміңіздің қымбат болуы шарт емес. Неғұрлым ыңғайлы,сапасы мен жарасымдылығы болса да жеткілікті. Отандық диззайнер Айда Қауменованың пікірінше: «Әр адамның стилі бар, өзіне не жарасымды екенін біледі. Биыл мынау модада, келесі жылы анау модада деп киінуге болмайды. Өйткені әр жылдың тренді болғанымен, адам өзіне не жарасымды екенін жақсы білу керек. Менің ойымша, сән деген ұғым тренд немесе бренд киімдерді киюде ғана емес, талғаммен киіне білуде. Егер сәнді болып көрінгіңіз келсе, жарасымды киіне білгеніңіз дұрыс».
Жылдық жаңа мода мен трендтегі киім үлгілерінен бейхабар қалмау сіздің талассыз талғамыңызды жетілдіре түспек. Ұзын белдемше мен костюм немесе шалбарлы кең иықты костюм 2024 жылдың тренді болмақ. Сонымен қатар, тоқылған киімдер мен әлемдік сән журналдарының бетінен түспеген былғары мен джинсы маталы киімдер де өз биігінде қалады. Қыс мезгілінде көркем бейнеңізді айқындай түсетін кең жейделер мен төмен белді шалбарлар болса, жаз айларының жарқын бейнесі ашық түсті көйлектермен, қысқа бос тұратын сарафандармен толығады дейді мамандар.

Жәмила Ермахан
16 қаңтар 2024 ж. 281 0