№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандық аруларға! Трендтегі сырт киімдер

Жаңақорғандық аруларға! Трендтегі сырт киімдер

Қысқы маусым: Трендтегі сырт киімдер.
ÒÑÑÒÑ Ð¼Ð°ÑÑÑм: ТÑендÑÐµÐ³Ñ ÑÑÑÑ ÐºÐ¸ÑмдеÑ
   Қыс келді... Бұл мектеп кезінде жазатын шығарманың тақырыбы сияқты болғанымен, шынымен аязды күндердің жақындағаны рас. Демек жылынатын да уақыт келді. Ендеше бүгін трендтегі сырт киімдерге тоқталамыз. Бірінші, соңғы кезде сәнге айналған паркілерден бастасақ. Күз бен қыстың ауа райында жайлылықпен қатар, жылу сыйлайтын киім үлгісі қыздардың көпшілігіне ұнайды. Алғаш америкалық солдаттар киген киім өткен ғасырдың 50 жылдары сәнге айналған екен. Басында ерлер гардеробынан орын алған киім қазір әйел образын жақсы ашады. Қалпағы мен қалташасы кең тігілген бұл киімнің әсіресе қара-көк, сұр, қызғылт түстері үнемі трендте.


  Стилді сырт киімдердің бірі – тон. Байырғыдай ақ, қара, қоңыр түстілері ғана емес, қызғылт, шабдалы түстес, көгілдір секілді реңктер де сұранысқа енген. Олардың үлгілері де түрліше өзгеріске енді. Дене бітіміңізге сай үлгісін алып кез келген киімдермен үйлестіруге болады. Соныман қатар, қазір тонның түрлі жіптермен, тігістермен, тастармен безендірілген үлгілері сәнде.


  Қыздардың ең әлсіз тұсының бірі – ішік (шуба). Осы жылы мамандар әр маусымның трендіне айналған сырт киімнің ұзын үлгісіне басымдық берген. Бірақ қысқа ішіктергеде сұраныс азайған емес. Осы жылы жағасыз пішілген түрлерімен, өрнектер салынған ішіктер трендте. 


Сырт киімнің тағы бір түрі - мамықтан тігілген күртешелер. Ыңғайлы әрі жылы қыстық киімнің бұл түрін күнсайын кие беруге болады. Соңғы жылдары оның ашық түстері сәннен түскен емес. Тек бұл киімдерді дұрыс жуып, кептіруді білу керек.

Фото: edinstvennaya.ua
Автор: @karashash_esenbay.

19 қараша 2018 ж. 1 250 0