№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН – БАЛАЛАРҒА» ҰРПАҚ ИГІЛІГІ ДЕСЕКТЕ...

«ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН – БАЛАЛАРҒА» ҰРПАҚ ИГІЛІГІ ДЕСЕКТЕ...

Еліміздегі айтулы шара жүзеге аспай жатып, «балаңыздың тізімде бар жоғын тексеріп беремін» деген желеумен әлеуметтік желіде арам пиғылын жүзеге асырып, халықтан белгілі мөлшерде қаражат қымқырып жүргендер көбейді. Осыған байланысты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы ресми ақпарат таратып, халыққа сақтық шараларын сақтауды ескертті

Алаяққа алданғандар аз емес
Есігімізді қағып тұрған 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр балаға ұлттық қордан қаржы бөліне бастайды дегені сол еді, уатсап группалары шулай бастады. Әр чатта «мен арзан бағада ЖСН тексеріп берем» деп жарнамасын ашық жүргізіп жатқандардың қарасы көбейді. Қаржылық сауаттылығы жоқ адамдар бейтаныс адамға сұраған құжатын суретке түсіріп уатсаптан жіберіп, қызмет ақысына онлайн аударым арқылы төлеп, заңсыз әрекеттерге жол ашуда. Соның бірі – Жамал Қадірәліқызы, көп абалалы ана бейтаныс адамға өз еркімен құжатын бергенін айтады. – Осы номерге 2000 теңге аударсақ балаларыңның ұлттық қордың тізіміне енген-енбегені жөнінде толық біліп береді. Егер енгізілмесе 5 минутта тіркеп береді деген соң қаржысын төлеп, балаларымның құжатын жолдадым. Ол маған балаларымның бәрі тізімде екенін айтып, қуантқан еді. Арада бір апта өткен соң, әлеуметтік желіде жауапты министрлік «ЖСН тексерту – алаяқтық» деген хабар таратты. Енді қорқып отырмын, ұлттық қордың аударған қаражатын бейтаныс біреулер жымқырып кетпей ме?, – деген күдігін жасырмады. Иә, осы іспетті әркімнің сөзіне еріп, жеке сәйкестендіру номерін таратып жіберген ата-ана қаншама? Жеке басы құжаттарын бейтаныс біреуге ұсынып, енді бұйырып тұрған несібеден қағылып қалам ба деген күдік біраз кісінің көкейіне енді ұялап жатқан тәрізді. ХОШ. Көптің сұрағына орай әлеуметтік желіде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ресми ақпарат таратты. "Балаларыңыздың деректерін тексеріп, енгізуді өзіңіз де тегін және өз бетіңізбен, еш қиындықсыз іске асыра аласыз. Ол үшін ешқандай құжат жинаудың, шот ашудың, қандай да бір мекемелердің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Қазірге жасалуы тиіс жалғыз маңызды нәрсе – балаңыздың жеке бас деректерінің бар болуын және құжаттарының дұрыстығын egov.kz порталы арқылы тексеру", – деп кеңес айтады тиісті тұлғалар. Бағдарламаға кімдер қатысады?
Кәмелетке толмаған әрбір қазақстандық өрен Ұлттық қордан өз үлесін алуға құқылы. Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде 18 жасқа дейінгі 6 млн 700 мың бала бар екен. Егер 18 жасқа толмаған бала шет елге көшіп, Қазақстан азаматтығынан шықса, онда оған Ұлттық қордан ақша төленбейді. Ал егер бала шетелде өмір сүрсе, бірақ Қазақстан азаматтығын өзгертпесе, оның шотына кәмелет жасқа толғанға дейін қаражат аударыла береді. Егер бала азаматтығын өзгертіп, шетелде белгілі бір уақыт тұрып келсе және Қазақстанға оралғаннан кейін республика азаматтығын қайта алса, онда арнайы жинақтаушы шот жаңадан ашылады. 18 жылда шотта қанша ақша жиналады? Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы аударылатын арнайы шот балаларға автоматты түрде ашылады. Жиналған қаражатты мерзімінен бұрын шешіп алуға тыйым салынады. Болжам бойынша 2024 жылы дүниеге келген сәбилердің шотында 18 жыл ішінде 3 500 доллар жиналады. Алайда бұл сома өзгеруі мүмкін – бәрі Ұлттық қордың кірістілігіне байланысты. Ал бағдарламаға 17 жастан бастап қосылған баланың шотына бір жыл ішінде небәрі 100-150 доллар түседі. Айта кетері, шоттағы ақша доллармен есептеледі және 18 жасқа толғанда доллармен беріледі. Ұлттық қордың қаражатына салық салынбайды. Ақшаны баспанаға және білімге жұмсауға болады 18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордың табысынан жиналған қаражатты тек екі мақсатта пайдалана алады. Біріншісі – баспана сатып алу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту. Бұл ретте тұрғын үйді тек Қазақстан аумағында ғана сатып алуға рұқсат етіледі. Екіншісі – білім алу. Отандық жоғары оқу орындарымен қатар шетелдік университеттерде де оқуға мүмкіндік бар. Заңда қаражатты емге жұмсау мүмкіндігі қарастырылмаған. Ұлттық қордың табысы қалай есептеледі? Жыл сайынғы аударымдарды есептеу үшін Ұлттық қордың соңғы 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісі есепке алынады. Инвестициялық табыстың 50 пайызы кәмелетке толмаған балалар арасында теңдей бөлінеді. Бала 18 жасқа толғанға дейін жинақталған қаражат Ұлттық қорда сақталады және оны Ұлттық банк түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Одан түскен инвестициялық табыс та балалардың шотына қосымша түсіп тұрады. Әр жылдың 20 қаңтарына дейін бағдарламаға қатысатындардың соңғы тізімі жасалып, 31 қаңтарға дейін шотқа ақша аударылады. Қаражат қай уақытта зейнетақы шотына түседі Егер бала 18 жасқа толғаннан кейін жиналған ақшасын алмаса, ол шотта 10 жыл бойы сақталады. Он жылдан кейін де қажет болмаса, қаржы сол адамның зейнетақы шотына аударылады. Бала қайтыс болған жағдайда қаражат туған бауырлары арасында бөлінеді немесе ата-анасына беріледі.
ТҮЙІН: «Алтын көрсе періште жолдан таяр» демекші, ұрпақ игілігі үшін бағытталған қаражатқа көз тігу, ортақ қазынаға қол салу абыройсыздыққа апарады. Егер көкейіңізде күмән болса, қордың орталық байланыс номеріне хабарласуға болады. Әр баланың кемел келешегі үшін әр ата-ана әр ісіне сергек қарап, бармақ тістеп қалмаудың қарекетіне көшу керек-ақ.
Мақпал ПАТЕНОВА
03 қаңтар 2024 ж. 230 0