№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейтілді

Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейтілді


Биыл зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлерінің мөлшері 4 пайызға өседі. Ал базалық зейнетақылар мен жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіш негізінде көбейеді. Жалпы облыста 243 мыңға жуық адамға зейнетақы мен жәрдемақы түрлері беріледі. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Ертілеу Жалғасбаев мәлімдеді.  

-ҚРЗ аңымен «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сәйкесінше, осыған дейін тағайындалған жасынабайланысты зейнетақы төлемдері 4 пайызға индекстелді. Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты артады. Сондай-ақ, балаларға берілетін жәрдемақының көлемі айлық есептік көрсеткішінің негізінде көбейеді. Осыған сәйкес, сәуір және мамыр айларындағы жәрдемақы толықтай есептеліп маусым айынан бастап төленеді. Ал шілдеден бастап 1 айға көбейтілген мөлшерде берілетін болады, - деді Ертілеу Жалғасбаев.
25 мамыр 2022 ж. 503 0