№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қармақшыда монолог оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті

Қармақшыда монолог оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті

Қармақшы ауданының 95 жылдығы аясында Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде саналы ғұмырын өнер мен әдебиетке арнаған атпал азамат, тарлан талант, Сыр сүлейлерінің ізбасары, ұлағатты ұстаз Шыңғысов Мұхамбетқали Айдынәліұлының 95 жылдығына орай «Жүректегі жазулар» атты монолог оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.


Қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан ақын М.Шыңғысовтың шығармашылық өнер жолын өскелең ұрпаққа насихаттау арқылы дарынды және талантты жастардың шығармашылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы тірі тін, тұтас жаратылыс поэзия әлемінің құдіретіне тоқталып, сайысқа қатысушы талапкерлерге тілектестігін білдірді. Аталмыш сөз додасында 11 аймақ өнерпазы өзара бақ сынасты.
Байқауға Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ардагер, Құндақбаев Шегебай, Н.Бекежанов атындағы Қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртістері Оразалиев Асқар мен Асанов Еркін қазылық етті.
Байқау нәтижесімен бас жүлде қармақшылық Махамбетұлы Мадиярға бұйырса, Қ.Шыңғысов атындағы «Арнайы жүлдемен» Әлжан Арнұр марапатталды. І орынды Жаңақорған ауданынан келген Қалила Марғұлан, ІІ орынды жалағаштық Ерғали Әділ алса, Шиелі ауданының өнерпазы Сәбитов Думан ІІІ орынды иемденді. Байқауға қатысқан өнерпаздарға арнайы дипломдар табысталды.
Қаламымен сөз қаймағын қалқыған ақынның өмірі – өнеге, өзі – дастан!

27 қыркүйек 2023 ж. 259 0