№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Мәдени мұралардың маңызы

Мәдени мұралардың маңызы



Ұлттық өнердің өрісін кеңейту, мәдени мұралардың маңызын арттырып, құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеуге арналған жобалар мен бағдарламалар Сыр елінде жүйелі жүзеге асуда. Президенттің нақты міндеттемелерінде осы мәселе маңызды рөлге ие. Яғни, ұлттық барлық құндылықтарды кеңінен насихаттау өзекті. одан бөлек, шығармашылықты шыңдау, өнер саласына серпін беру үшін жаңа, әрі заманау ғимараттар көптеп бой көтеруде. Биылдың өзінде облыс бойынша 20-дан аса мәдениет үйлері ел игілігіне берілуде. Соның 2-еуі Жаңақорған ауданында. Жақында облыс әкімі Жайылма ауылында арнайы болып, лентасын қиды.
Мәдени іс-шаралар қатарында биыл төл мерекесі болған аудан өнерінің биігінде болған тұлғалардың шығармашылығына арнап кештер өткізілуде. Мәселен, жуырда драматург, режиссер Әмір Мәжитовтың 85 жылдығына арналған рухани шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, тарихи мұраларды, ескерткіштерді қайта жаңғырту мақсатында түрлі бағдарламалар іске асуда. "АМАНАТ" партиясының болашаққа бағдарлы бағдарламасында дәстүр мен мәдениетті, ұлттық өнерді дәріптеу басты тақырып. Сондықтан барлығын жүйелі жоспарлап, жүзеге асыру жолындамыз.
28 қараша 2023 ж. 220 0